1 Дәріс Тақырыбы


Тұяқтың ақ сызығы деген не?



бет125/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

5. Тұяқтың ақ сызығы деген не?
Табан беткейінде жұлықтың түтікті мүйізді қабатымен тұтасып жатқан тұяқтың ақ жолығы-linea abla болады.
6. Күйіс қайыратын жануарлардың мүйіздерінің құрылысы?
Мүйіз-cornua –ірі қара малында, және қой мен ешкіде болады. Ол маңдай сүйегінің мүйізді өсіндісін қаптап жатқан тері туындысы. Мүйіз эпидермистен және дермадан құралады. Мүйіз эпидермисі мүйізді қапшық құрайды, ал негізгі қабаты маңдай сүйегінің мүйізді өсіндісінен қан тамырлар және нерв талшықтары арқылы тығыз байланыста болады. Мүйіз бойы мүйіз түбірінен, денесінен және ұшынан тұрады.
Мүйіз түбірі- rasdix cornus- жіңішке бөлім, маңдай терісінің мүйізге жалғасқан жері.
Мүйіз денесі-corpus cornus- мүйіз түбірінен ұшына дейінгі аралық, ең көлемді жетілген жері.
Мүйіз ұшы-apex cornus-үстіңгі үшкір шеті.Мүйіз бойында мүйізді қапшықтың өсіп жетілу белгісін көрсететін сақиналар болады.
7. Майтабанның құрылысы?
Құрылысы жағынан майтабан эпидермистен, дермадан және шел қабаттарынан тұрады. Майтабан эпидермисінен тұяқты сыртынан қаптап тұратын қалың мүйізді қабат жетіледі. Шел қабатындағы борпылдақ дәнекер ұлпасында май ұлпасы көп мөлшерде жиналып, дәнекер ұлпасы талшықтарымен арқауланып, майтабан жастығын жасайды.Майтабан сезім мүшесі және ол ресорлық қызметін атқарады.
8. Тер және май бездерінің құрылысы?
Май безі (сальная железа); (glandulae sebaceae, лат. glandula — без, sebum - май) — құрылысы жағынан қарапайым, көбінесе, тарамдалған альвеолалы (көпіршікше), сөл бөлуіне байланысты голокринді бездерге жатады. Май безі терінің емізікше қабатында және емізікше мен торлы қабаттардың шекараларында орналасады
Тері бездері-glandulae sudoriferae-құрылысы жағынан қарапайым,түтікше бездерге жатады.Олар терең дерма қабатының бойында орналасады.Түтіктің астыңғы бөлігі көбінде шумақталып тұрады
9. Сүт безі қандай мүшеге жатады?
Сүт безі құрылысы жағынан күрделі көпіршікше түтікше бездерге жатады. Ол паренхималы мүше ретінде екі бөлімнен: паренхимадан және стромадан құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет