Ауыз қуысының түбі - fundus cavi oris - деп тіл бүйірімен сол аумақтағы қызыл иек және тіл ұшының астымен астыңғы жақтың күректіс аралықтарындағы кеңістіктер саналады. Ауыз қуысының түбіне бірнеше сілекей бездері өзектерін ашады. Тіл ұшының астында ауыз қуысының кілегей қабатының тілге қарай ауысқан жерінде тіл жүгеншесі - frenulum linguae болады. Оның екі бүйірлеріне тіласты (аштық) сүйелшелері - caruncula sublingualis - ашылады.
Қатты таңдай және жұмсақ таңдай құрылысы
Қатты таңдай - palatum durum - ауыз қуысының төбесін құрап, оны мұрын қуысынан бөліп тұрады. Қатты таңдайдың негізін күректіс, жоғарғы жақ және таңдай сүйектері құрады көпқабатты кілегей қабықпен қапталған. Таңдайдың сагиттальды бойымен таңдай жігі - raphe palatine - өтеді.
Таңдай жігінен екі бүйіріне қарай көлденең созылған таңдай білеуліктері (қатпарлары) - rugae palatini - орналасады. Білеуліктердің пішіні доға тәріздес болып келеді. Алдыңғы білеуліктері биік шеттері кедір-бұдыр, ал артқыларының биіктігі төмендеп шеттері тегі
СПЛАНХНОЛОГИЯ - ІШКІ МҮШЕЛЕР ЖҮЙЕЛЕРІ
Қатты таңдай және жұмсақ таңдай құрылысы
Қатты таңдай - palatum durum - ауыз қуысының төбесін құрап, оны мұрын қуысынан бөліп тұрады. Қатты таңдайдың негізін күректіс, жоғарғы жақ және таңдай сүйектері құрады көпқабатты кілегей қабықпен қапталған. Таңдайдың сагиттальды бойымен таңдай жігі - raphe palatine - өтеді.
Таңдай жігінен екі бүйіріне қарай көлденең созылған таңдай білеуліктері (қатпарлары) - rugae palatini - орналасады. Білеуліктердің пішіні доға тәріздес болып келеді. Алдыңғы білеуліктері биік шеттері кедір-бұдыр, ал артқыларының биіктігі төмендеп шеттері тегістеледі.
Саны 16-18 сиырда, мысалы, 15-20 шақты болады. Күрек тістің артқы жағында, сиырда тіс табақшасынан кейін бірінші білеуліктің алдында күректіс бүртігі - papilla incisiva - байқалады. Оның екі жақ бүйіріне - ауыз және мұрын қуыстарын өзара жалғастыратын жұп күректіс өзегі - ductus incisivus - ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |