Көпбөлікті қарын
Күйіс қайтаратын малдардың қарыны төрт бөліктен тұрады: мес қарын, жұмыршақ (тақия), қатпаршақ (жалбыршақ) және ұлтабар. Өңешке жақын орналасқан бөлімі мес қарын одан кейін азық-түлік шегарасы онша бөліктенбеген жұмыршақ қарынға барады. Әрі қарай қатпаршақ, соңында ұлтабар болады. Ересек малдарда ең үлкен бөлігі мес қарын, содан кейін қатпаршақ және ұлтабар. Ең кіші бөлімі жұмыршақ болып саналады.
Мес қарын - rumen - көпбөлікті қарынның бастапқы бөлігі, құрсақ қуысының сол жақ бөлігін алып жатады, вентральды шеті оң жақ бөлікке ығысады. Мес қарын екі бүйірінен қысыңқы келіп, созыңқы пішінді болады, сыртқы сол жақ беткейі - париетальды, оң жақбеткейі - висцеральды болып саналады. Мес қарын оң жақ, сол жақ ұзынша сайлармен бөлініп екі жартылай дорсальды және вентральды қапшықтардан - saccus ruminis dorsalis er ventralis құралады.
Артқы жағында мес қарын краниальды және каудальды сайлармен - sulcus coronarius dorsalis et ventralis - бөлініп каудодорсальды және каудовентральды тұйық қапшықтарын құрады. Мес қарынның алдыңғы шеті өңешпен жалғасатын, мес қарын кіреберісі деп аталады.
Мес қарынның кілегей беткейі көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Кілегей беткейінде көптеген еміздікше бүрлер орналасады. Көлемі, пішіні әр деңгейде болатын. Қарынның ішкі жағындағы қатпарларда бүрлер болмайды. Сондықтан аталған беткейлер тықыр және ашық түсті болады. Бұлшықет қабаты сыртқы ұзынша, ішкі сақинаша қабаттардан тұрады. Бұл қабаттарды бірыңғай қалың салалы ет ұлпасы құрайды. Сыртқы сір қабаты мес қарынның екі бүйіріндегі ұзынша сайларда тоғысып, үлкен шарбыға айналады.
Жұмыршақ (тақия) - reticulum - ірі қара малда кіші көлемді қатпаршақ, мес қарыннан вентральды жағында, мес қарын - жұмыршақ жалғамы - pila ruminoreticularis - арқылы бөлінеді.
Жұмыршақ месқарынмен кең, ал қатпаршақпен саңылау тәрізді тесіктер арқылы қатынасады. Өңештің жұмыршақ қабырғасына өңеш жырасы - sulcus oesophagus - өтеді. Оның қабырғасын өңеш ернеулері - labia sulcioesophageus - құрады, астыңғы жағын жыра түбі деп атайды. Кілегей бетінің көпқабатты жалпақ эпителий жасушалары, төрт-бес-алты қабырғалы, қозғалмалы бір-бірімен жалғасты келетін торшалар - cellulae reticuli - құрайды. Басқа қабырға қабаттары мес қарындікімен ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: |