1 Дәріс Тақырыбы


Тері жабыны қалай аталады?



бет123/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

1. Тері жабыны қалай аталады?
Тері жабыны-integumentum commune-мал денесінің сыртқы қабаты,ол тері түктері арқылы қоршаған ортамен тікелей байланысады.
2. Тері қандай қызмет атқарады?
Тері дененің сыртқы қабығы ретінде өзіне тән өткізгіштік қасиетімен және тамырлар мен жүйкелердің жақсы жетілуіне байланысты, организмді сыртқы ортадан бөліп, оның ішкі ортасының түзілуіне толық жағдай тудырады. Сондай-ақ, ол жүйке жүйесінің рецепторлы /сезімтал/ алаңы ретінде организмді қоршаған сыртқы ортамен байланыстырады. Тері көптеген сезімтал жүйке ұштары мен биологиялық белсенді нүктелері арқылы жарық, жылу, суық, сипап сезу, механикалық ауырту т.б. тітіркеністерді қабылдап, әмбебап сезім мүшесі қызметін атқарады. Сезім мүшесі ретінде ол қорғаныс қызметіне де тікелей қатысады.
Тері жабыны көптеген қызмет атқарады-қорғаныштық,рецепторлық, тероморегуляциялық, бөліп шығару, тыныс алу және сіңіру. Аталған қасиеттердің барлығы организімнің тиісті бір әрекетке жауап беру әсерінен туады.
3. Тері организмнің қандай жүйелерімен тығыз байланыста?
Тері организмнің барлық ағзаларымен ж/е жүйелерімен тығыз байланысты.Ол көптеген маңызды міндеттер атқарады.Солардың ішінде: қорғаныштық,тыныстық,сіңірулік, сыртқа шығару, пигмент құратын қызметтерімен қатар, қан тамырларының серпілістерінде, дене температурасын реттеуде, жүйелік-рефлекстік серпілістерде, зат алмасуларында маңызды орын алады.
4. Эпидермис қабаты анатомиялық құрылысы жағынан терінің
негізгі қабатынан айырмашылығы.
Эпидермис мүйізделетін көп қабатты жалпақ эпителий ұлпасынан тұрады. Эпидермис терінің сыртқы қабаты, ал негізгі - ортаңғы қабат. Оны терінің негізгі қабатынан негізгі мембрана жарғақ бөліп тұрады. Эпидермисте теріге әртүрлі түс беретін пигментті жасушалар бар, қан тамырлары болмайды, қоректену процесі осматикалық жолмен жүреді.
5 Түктің анатомиялық құрылысы?
Түк тығыз да, иілгіш және серпімді мүше. Ол мүйізделген эпидермоциттерден құралған. Түктің тері бетіндегі көрінетін бөлігін түк сабағы, тері ішіндегі бөлігін түк түбірі деп атайды. Түк түбірінің терідегі пияз түбіріне ұқсас жуандап аяқталатын бөлігін түк баданасы – дейді. Түк баданасы түктің өсетін бөлігі. Бұл жерде түкті кұрайтын эпидермоциттер бөліну арқылы көбейіп, мүйізделіп түктерді құрап, олардың өсу процесін қамтамасыз етеді. Түк баданасының төменгі жағында, оның ішіне үңгілей еніп, керекті қоректі заттармен қамтамасыз ететін түк емізікшесі болады. Ол қан, лимфа тамырлары мен жүйке ұштарына бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады.
Тері түгі бір-бірінен анық ажырайтын үш қабаттан: кутикула, қыртысты қабат және түк өзегінен тұрады. Сыртынан түк жұқа кутикула қабатымен қапталған. Кутикула мүйізделген тым жұқа қабыршақтардан тұрады.. Тері түгінің негізін ортаңғы қыртысты қабат құрайды. Ол кутикуланың астында орналасады. Тері түгінің беріктігі, иілгіштігі, серпімділігі, созылғыштығы осы қыртысты қабатқа тікелей байланысты. Үшінші ең ішкі қабат түктің орталығында жатқан түк өзегі. Бұл қабатты текше немесе көпбұрышты жартылай мүйізделген эпидермоциттер құрайды.
Түк түбірін сыртынан түк қабы немесе түк фолликулы қаптап жатады. Ол екі қабаттан тұрады. Сыртқы түк қапшығы тамырлар мен жүйке ұштарына бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан құралған. Ал ішкі қабаты түк түбірінің қабаты эпидермистің тері ішіне үңгілене енген жалғасы. Ол көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийден тұрады. Аталған қабаттар бір-бірінен негіздік жарғақпен бөлінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет