1 Дәріс Тақырыбы


Бездердің бөлетін сөлдерінің (секреция)



бет126/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

10. Бездердің бөлетін сөлдерінің (секреция)__
Май бездерінің ішкі жасушалар майға (секрет) толған сайын іріленіп без өзегіне жақындағанда жарылады.Бездің секрет бөлетін соңғы бөлімін көпқабатты безді эпителий құрайды. Май безінің секреті тері майы- эпидермис пен тері түктерін майлайды.
Тері бездері секрет бөлу кезінде гландулоциттер не жартылай бұзылып, олардың сөлге толған апикальды ұшы үзіліп, тер тамшысына айналады, не олардың бүтіндігі бұзылмай, тер тамшылары сүзіліп шығады. Тер бездері дене қызуын реттеуге қатысады.

Лабораторлық сабақ 5
Сплахнология-ішкі мүшелер жүйелері
Тірі организмдерге тән негізгі қасиет қоршаған ортамен зат алмасу. Осы қызметті атқаратын бірнеше жүйелер, сыртқы аралықпен дене беткейі, табиғи тесіктер арқылы байланысады. Олар көпшілігінде омыртқа жотасының (білік) бойында және дененің табиғи қуыс аймақтарында орналасады. Бұған жататындар - ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару және жыныс органдары. Аталған жүйелерді бір сөзбен айтқанда ішкі органдар жүйелері деп атайды (латынша - viscera, грекше - splanchna - ішкі мүшелер, logos - ілім).


АC ҚОРЫТУ АППАРАТЫ

Тірі организм әрдайым қоректі заттардың үздіксіз келіп тұруын қажет етеді. Қоректену ағзаның қалыпты өсіп дамуы мен тіршілік әрекеті үшін ең маңызды жағдай. Қоректену заттардың құрамына ақуыз, май, көмірсулар мен минералды заттар және дәрумендер кіреді. Олар организмнің тіршілік әрекетіне қажетті энергия және қанмен бірге әкелінген қоректі заттардан жаңа жасушалар түзіледі.


Ас қорыту органдарының - organa digetoria - құрылысы қоректенетін зат ерекшеліктеріне қарай құрылады. Мысалы, тек өсімдік пен не етпен қоректенетін жануарлардың ас қорыту мүшелерінің құрылысында айтарлықтай ерекшеліктер байқалады. Ол туралы әрі қарай айтылатын болады.
Ас қорыту мүшелерінің әрбір бөлігі түрлі қызмет атқаратындықтан құрылысы мен пішіні әртүрлі болады.
Ас қорыту жүйесі негізінде түтік, басталады кіреберіс тесігімен - ауыз, артжағында тіқ ішекпен аяқталады - анальды тесік.
Қоректену жүйесі төрт бөліктен құралады: 1) бас ішек - ауыз қуысы және жұтқыншақ; 2) алдыңғы ішек - өңеш, асқазан; 3) ортаңғы ішек -жіңішке ішек, бауыр, ұйқы безі; 4) артқы ішек - жуан ішек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет