Жұмсақ таңдай - pallatum molle - немесе таңдай шымылдығы қатты таңдайдын кілегей қатпарының артқа қарай жалғасы. Жұмсақ тандайдың бос иілген жиегін таңдай доғасы - arcus palatinus - деп атайды.
Таңдай доғасымен тіл түбірінің аралығында азық тесігі (есін) - fauces - болады. Таңдай шымылдығы жиегімен таңдай және қанат сүйектеріне тіркесіп, әрі қарай тіл түбіріне өтіп, таңдай тіл доғасын - arcus palatoglossus - түзеді.
Таңдай доғасының өңешке қарай жалғасқан қаптары таңдай - жұтқыншақ доғасын құрады. Жұмсақ таңдайдың кілегей қабатында таңдай бездері болады. Солармен қатарлас лимфа фолликулдарында кездеседі. Таңдай - тіл доғасымен тіл түбірінің аралығында оң және сол жақ беткейлерінде таңдай бадамшалары (шұнқыр) - tonsillae palatinae - орналасады.
Тіл
Тіл - lingua, glossa (гр.) - жұмсақ, бұлшықетті мүше. Тілдің негізгі бұлшықеті, ұзын көлденең топты бұлшықеттерге жатады. Қимылы жақсы жетілгендіктен азық-түлікті қабылдап, араластырып ауыз қуысынан жұтқыншаққа жіберуге ат салысады. Тіл - ұшынан, денесінен және түбірінен тұрады.
Тіл ұшы - apex linguae - алдында күрек тістеріне түйіседі. Онда екі бүйірі болады және үстіңгі және астыңғы беткейлері. Үстіңгі (дорсальды) беткейінде - тіл бүртіктері болады, ал астыңғы (вентральды) беткейі тегіс. Тілдің үстіңгі жағында тіл бүртіктері (еміздіктер) қызметіне қарай механикалық және дәм сезу топтарына бөлінеді. Механикалық топқа - жіпше - papillae filiformes, конусша - papillae conicae - еміздіктер, ал дәм сезу тобына - саңырауқұлақша - papillae fungiformes, қорғанша (валик) - papillae vallatae және жапырақша - papillae foliatae - бүртіктер жатады.
Жіпше бүртіктер тілдің денесімен ұшында болады. Күйіс қайтаратын малдарда қатты, шеті үшкір келеді, ал басқа жануарларда ұсақ, жұмсақ тілдің беткейіне барқыттық нәзіктік береді.
Тілдің денесі - corpus linguae - тілдің жуан жері, азу тістерінің аумағында орналасқан. Тіл денесінің асты ауыз қуысының түбімен байланысты. Оң жақ және сол жақ бүйірлері жақсы байқалады, сөйтіп үстіңгі арқа беткейін құрайды. Тілдің денесімен ұшының кілегейлі қабығы тіл түбірінде, тіл жүгеншесін - frenulum linguae - құрады. Тіл денесінің үстіңгі беткейінде күйіс қайтаратын жануарларда тіл мамығы - torus lingualis - орналасады.
Тіл түбірі - radix linguae - соңғы азу тістен көмекейге дейін созылады. Тіл түбірі ауыз қуысының тереңінде болады, негізі тіласты сүйегіне тіркеседі. Тіл түбірімен таңдай - тіл доғасының қабырғасында оң жақ және сол жақ таңдай бадамшалары (миндалина) - tonsilla palatine - орналасады. Әр бадамшада 1-3 шөлмекше келген ойпаттар болады. Ойпаттардан ішке қарай созылады, бойында лимфатикалық фолликулалар болатын. Кілегей асты безінің өзектері шұңқырға немесе бадамшаларға ашылады.
Жылқының тілі ұзын, жұқа көп қимылды органның бірі. Тіл үстінде 2-қорғанша, екі бүйірінде қос жапырақша еміздікшелер және екі бадамшалар орналасады. Тілдің ұшы жалпақ болады.
Шошқаның тілі жіңішке, ұзын, ұшы үшкерленіп келеді. Дәм сезу еміздікшелері жақсы жетілген. Тілдің вентральды беткейінде, кілегейлі қабық астында тіл шеміршегі болады.
Ит тілінің пішіні жалпақ, жіңішке және ұзын болап келеді. Тілдің дорсальды беткейімен орталық жыра (сай) өтеді. Тіл ұшының төменгі кілегейлі қабығының бойында тіл асты шеміршегі орналасады.