1 Дәріс Тақырыбы



бет131/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Ұрт бездері - gl.buccalis - терең ұрт бұлшықетінің бойында ораналасады. Олар дорсальды, ортаңғы және вентральды ұрт бездеріне бөлінеді.
Тістер


Тістер - dentes, odontos (гр.) жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің тіс ұяшықтарында орналасып, тіс доғаларын құрайды. Тістердің пішіні, көлемі әр малдың түріне, жасына және қоректену әрекетіне байланысты әр түрлі болып келеді. Мысалы, ірі қара малда - 32, жылқыда - 36-40, шошқада - 44, итте - 42 тұрақты тістер саны болады.
Тісті бойлай кескенде ішінде тіс кеңістігі - cavum dentis - көрінеді, жұмсақ дәнекер ұлпамен (пульпа) толған, пульпа бойымен қан-тамырлар және нерв талшықтары өтеді. Тістің негізгі заты дентин. Дентин 70-80% минеральды заттардан, ал 20-30% коллаген құрады.
Құрылыс ерекшеліктері мен дамуына байланысты тістер қысқасауытты және ұзынсауытты болып бөлінеді.
Ұзынсауытты тістерде тіс мойыны болмайды. Қысқасауытты тістер - үш бөліктен тұрады. Олар: тіс сауыты, мойыны және түбірі.
Тіс сауыты - carona dentis - тістің ауыз қуысындағы көзге көрінетін бөлігі. Тіс сауытының пішіні әр тісте бір-біріне ұқсамайды. Күрек тістердe - сына тәрізді, сойдақ тістерде - конус пішінде, азу тістері бірнеше конусша немесе төмпешіктер жиынтығы ретінде құралған. Тіс сауытының сыртын кіреку (эмаль) қаптаған. Эмаль - enamelum - тістің ең қатты заты, 95-98% бейорганикалық заттар түзеді.
Тіс түбірі - radix dentis - жоғарғы және төменгі жақ ұяларымен, қызыл иекте орналасқан бөлігі, тістерде бірнеше түбір болады. Тіс түбірі сыртынан тіс цементімен қапталған. Құрлысы жағынан сүйек ұлпасына жақын, 60-70% минеральды заттар.
Тіс мойыны - collum dentis - тіс сауыты мен түбірінің бір-біріне қосылған жіңішке жері. Тіс мойыны қызыл иек қаптап жатады. Құрылысы, орналасуы және қызметі жағынан тістер күрек тіс, сойдақ тіс және азу тістеріне бөлінеді. Азу тістері - премоляре (кіші азу) тістеріне және моляре (негізгі азу) тістеріне бөлінеді.
Күрек тістері - dentes incisive - I, сойдақ тіс (ит тіс) - dentes canini - С, премоляре - dentes premolars - Р, моляре - dentes molares - М.
Малдың жасына қарай тістер сүт тістері - dentes decidui (Dd) және тұрақты тістері - dentes permanents (Dр) - болып бөлінеді. Жас төлдерде алдымен күрек, сойдақ және премоляр сүт тістері шығады да, олар түскен соң, орнына тұрақты тістер шығады. Моляр тістері тек тұрақты тістер ретінде ғана кейін шығады.
Сүт тістерінің формуласы: (Dd) =
Тұрақты тістерінің формуласы: (Dp) =




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет