Өңеш- oesophagus - ұзын, түтік, жұтқыншақты қарынмен жалғастыратын, сөйтіп жұтылған азық-түлікті қарынға жеткізетін. Орналасуы жағынан өңешті үш – мойын, көкірек (кеуде) және құрсақ бөліктеріне бөледі. Кілегей беткейі көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған, ұзын қатпарлар құратын. Кілегей қабырғасының алғашқы бөлігінде көптеген сілекей бездер болады. Ортаңғы қабаты көлденең жолақты бұлшықет. Қабаттасып орналасқан бұлшықет тарамдары бір-бірімен жалғасып жатады. Өнештің мойын бөлігі сыртынан болбырық дәнекер ұлпадан - adventitia - кеуде және құрсақ бөліктері сір қабатынан - tunica serosa - тұрады. Өңештің мойын бөлігі кеңірдек үстінде орналасады. Сиырда мойын бөлігінің соңғы аумағы кеуде қуысына кіреберісте кеңірдектің сол жағына түсіп имек құрады, әрі қарай қайтадан кеңірдек үстімен жүреді. Одан әрі жүректің үстімен, қолқа доғасының оң жақ бетімен өтіп 9-10 қабырға аралығында көк етті тесіп құрсақ қуысына шығады, қарынның сол жақ бөлігіне ашылады. Күйіс қайтаратын малдарда мес қарынның кіреберісіне жалғасады.
Қарын - ventriculus s. gaster(гр.) - өңештің алмұрт тәрізді жалғасы диафрагмадан кейін орналасқан. Бөліктерінің санына қарай, қарын бірбөлікті және көпбөлікті болып екі топқа бөлінеді. Бір бөлікті қарын - жылқыда, шошқада және жыртқыштарда болады, көпбөлікті - күйіс қайтаратын жануарларда. Кілегей қабығының құрлысына қарай өңеш (безсіз), ішек (безді) және аралас немесе өңеш-ішек (безсіз-безді) типтерге бөлінеді.
Жылқы, шошқа қарындары аралас типке жатады, қарынның дөңес беткейін үлкен иіні - curvature ventriculi major - ойпат шетін кіші иіні - curvature ventriculi minor - деп атайды. Өңештің қарынға кіреберіс тесігін кардия- ostium cardiacum, қарыннан он екі елі ішекке шығаберіс тесігі пилорус - ostium pyloricum, созыңқы кең аумағын қарын түбі - fundus ventriculi - деп атайды. Осымен байланысты сол жақ - кардиальды, оң жақ - пилорикалық және қарын түбі фундальды бөліктері деп саналады. Иттің қарыны безді түріне жатады.
Қарын қабырғасы үш қабаттан тұрады - кілегей, бұлшықет және сір. Жылқы қарынның тұйық қапшығы, шошқа қарынының кіші иіні безсіз (көпқабатты) эпителиймен қапталған. Кардиальды, пилорикалық және фундальды қарын бездері (бірқабатты эпителий) қарын сөлін бөледі. Бұлшықет қабаты бірыңғай салалы ет ұлпасынан тұрады, үш қабат түзетін - бойлай, қиғаш және сақина пішінді - stratum longitudinale, stratum circulare, stratum obliquae - орналасады. Қарынның сыртқы қабаты - tunica serosa - бір мүшеден екінші ортаға жалғасқанда қатпар құрады, жалғамға көшетін, қатпарлар қантамыр, жүйкелер жүретін борпылдақ дәнекер ұлпа, екі қабат қабықтан тұратын.