1 Дәріс Тақырыбы



бет17/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

3- дәріс
Тақырыбы: Миология. Қаңқа бұлшық еттері дамуының фило-онтогенезі. Бұлшық еттің мүше ретінде сипаттамасы. Бұлшықеттер құрылысы мен қызметі. Бастың бұлшық еттері және тұлға бұлшық еттері
Мақсаты: Бас Бұлшықеттер құрылысы мен қызметі. Бұлшықет жиырылу механизмін түсіндіру, негізгі бұлшықет жиырылу түрлерін және жануар түрлеріне байланысты ерекшеліктері. Бұлшықеттер құрылысы мен қызметі. Бұлшықет құрлыстарындағы аиырмашылығын түсіндіру, негізгі атқаратын қызметін түсіндіру.
Негізгі сұрақтар:
1. Бұлшық еттер жүйесіне жалпы сипаттама.
2. Бұлшық еттің анатомиялық бөліктері.
3. Бұлшық еттердің түрлері.
4. Бұлшық еттердің көмекші мүшелері.
5. Бас бұлшық еттері және дене аумақтарындағы бұлшық еттер.


1. Бұлшық еттер жүйесін зерттейтін ілімді миология деп атайды. Бұлшық еттер тірек қимыл аппаратының денені немесе жеке бір мүшелерді қимыл - қозғалыстарға келтіретін бөлігі. Бұлшық еттерге тән қасиеттер: жиырылғыштық, серпімділік, тітіркенгіштік, ширығушылық. Бұлшық еттердегі жиырылу процесін белокты жіпшелер миофибриллалар іс жүзіне асырады.
Бұлшық еттер жүйесі жекеленген бұлшық еттерден тұрады. Бұлшық ет құрылысы жағынан паренхималы мүшелерге жатады. Ол екі бөліктен, яғни паренхима мен стромадан құралған. Паренхима мүшенің негізгі қызмет атқаратын жұмысшы бөлігі. Демек, бұлшық еттің паренхимасын көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы құрайды. Строма паренхиманы біріктіріп, дәнекерлеп бір тұтас қомақты мүше ететін бұлшық еттің дәнекер ұлпалық бөлігі. Бұлшық еттің сыртқы дәнекер ұлпалық қабығын эпимизий деп атайды. Эпимизийден бұлшық еттің ішіне қарай тарап, ет талшықтары шоғырлар будаларын бір бірінен бөлетін борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтарды перимизий дейді. Перимизийлер арқылы бұлшық етті қоректендіретін қан мен лимфа тамырлары және оның қызметін реттейтін жүйкелер өтеді. Бұлшық ет шоғырлары будаларын құрайтын ет талшықтарының аралықтарындағы тым жұқа борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтарды эндомизий деп атайды. Сонымен бұлшық еттің стромасын эндомизий, перимизий, эпимизий бірігіп құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет