1 Дәріс Тақырыбы



бет14/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   159
Омыртқалар байланысы. Омыртқалар бір-бірімен бунның аралас түрімен байланысады. Омыртқа денелері шеміршекті және фиброзды ұлпаларымен, жүйке доғалары дәнекер ұлпасымен, буын өсінділері буын қапшығымен байланысады. Тек бірінші екі мойын омыртқалары шүйде сүйегімен буын арқылы байланысады.
Омыртқа денелерінің арасында омыртқааралық дискі орналасады.
Омыртқа бағанының сегментаралық байламдары: доғааралық байлам немесе сары байламдар, жотаралық байлам, көлденең өсіндіаралық байлам.
Жалпы байламдар: дорсальды ұзын байлам – білік мойын омыртқасынан бастап, құйымшаққа дейін омыртқа денелерін байланыстырады. Ол омыртқа денелерінің дорсальды бетінде, омыртқа өзегінде орналасады.

  • Вентральды ұзын байлам – соңғы көкірек омыртқаларының вентральды қырларынан басталып, құйымшаққа дейін созылып, омыртқалар денелерін төменгі вентральды қыр жағынан байланыстырады.

  • Жотаүстілік байлам – көкірек, бел, құйымшақ омыртқалары жоталық өсінділері үстінде орналасып, оларды өзара байланыстырады.

  • Желке байламы – шүйде сүйекті, мойын омыртқаларын және көкірек омыртқаларының жоталық өсінділерін байланыстырады. Шошқада желке байламы жоқ.

Омыртқа бағанының буындары
1 Шүйде - атлант буыны (articulatio atlanto- occipitalis)– құрылысы қарапайым, қызметі жағынан қос білікті буын.
2 Атлант – білікті(articuiatio atlanto-axilaris) буыны құрылысы күрделі, бір-білікті буын. Атлантты екінші мойын омыртқамен байланыстырады.
Атлант білік омыртқаның тісше өсіндісі білігі бойымен сақинашаға айналады.
Көкірек керегесі сүйектерінің байланысы. Қабырғалардың бастары мен төмпектері көкірек омыртқаларының денелерімен және көлденең өсінділерімен байланысып, қабырға - омыртқа буындарын құрайды. Қабырға-омыртқа буыны екі буыннан тұрады: қабырға басының буыны және қабырға-көлденең өсінді буыны.
Стернальды қабырғалар шеміршекті төссүйекпен төссүйек-қабырға буындарын құрайды.
Төссүйек бөліктері бір-бірімен өзара синхондроз арқылы, ал күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада төссүйек тұтқасы мен төссүйек денесі буын арқылы байланысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет