Дене қуыстары. Ішкі мүшелер негізінен сірлі қабықпен астарланған көкірек, құрсақ және сірлі қабықпен жартылай астарланған жамбас қуыстарында орналасады. Сірлі қабық дене қуыстарының ішкі беттерін астарлаумен қатар олардың қуыстарында жатқан ішкі мүшелерді де, сыртынан қаптап, дене қабырғасы мен ішкі мүшелер аралықтарындағы сірлі
4 Асқорыту жүйесінің фило-онтогенезі. Асқорыту аппараты мүшелерінің морфо-функциональдық сипаттамасы.
Бір жасушалы қарапайым жәндіктерде азықты ұстау, оны ыдырату және сіңіру жасуша цитоплазмасы арқылы жүзеге асады, яғни, асқорыту цитоплазма ішінде жүреді.
Дене құрылысының күрделенуіне байланысты көп жасушалы ор-ганизмде әр түрлі қызмет атқаруға бейімделген жасушалар жиынтығы дамып жетіле бастайды. Ішекқуыстыларда, мысалы, гидрада асқорыту ағзалар жүйесі болмайды. Бірақ, оның ауыз тесігі арқылы дене қуысына түскен азық дененің ішкі қабатын астарлайтын энтодерма жасушаларының қатысумен қорытылады. Қорытылмай қалған азық қалдығы қайтадан ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылады.
Төменгі сатыдағы құрттардың асқорыту түтігі ауыз тесігінен бас-талып, алдыңғы (ауыз-жұтқыншақ) және ортаңғы ішектерге бөлінеді. Алдыңғы ішек эктодермадан пайда болып, азықты ұстау және жұту сияқты қызметтерді жүзеге асырады. Ал, азықтың қорытылуы мен сіңірілуі энтодермадан дамыған ортаңғы ішекте жүреді.
Жоғары сатыдағы құрттардың денесіндегі екінші реттік қуыстың (целома) дамуына байланысты, асқорыту түтігі өзін қоршаған дене бөліктерінен оқшауланып, онда кіреберіс (ауыз) және шығаберіс (аналь) тесіктері пайда болады. Сонымен қатар, азық қорыту түтігі алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді.
Хордалыларда, мысалы, ланцетникте, ауыз қуысы жұтқыншақтан көлденең шымылдық арқылы бөлінген. Жұтқыншаққа көптеген желбезек саңылаулары ашылады. Ортаңғы ішектің қабырғасыңда бауыр төмпегі айқын көрінеді. Аналь тесігі құйрықтың алдыңғы жағыңда орналасқан.
Желбезек аппаратының күрделенуіне байланысты балықтардың ауыз-жүтқыншағы көп өзгеріске ұшырайды. Алдыңғы ішек ретімен орналасқан түтікше ағзалар — қысқа өңеш пен қарыннан тұрады. Ортаңғы немесе аш ішек бауыр мен ұйқы бездерінің жетілуімен ерекшеленеді. Артқы немесе тоқ ішекте қорытылған қоректік заттар уақытша жиналып сіңіріледі де, азықтың қорытылмай қалған бөлігінен нәжіс қалыптасып, аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Тоқ ішектің аналь тесігімен бітетін соңғы бөлігі - клоакаға зәр шығару және көбею ағзаларының шығару өзектері ашылады.
Қосмекенділердің ас қорыту жүйесінің құрылысы балықтардың асқорыту жүйесіне ұқсас болып келеді. Бірақ, олардың атмосфералық ауамен тыныс алуға бейімделуі және осыған байланысты тыныс алу ағзаларының дамуы бас ішек (ауыз-жүтқыншақ) құрылысының күрделенуіне әкеліп соғады. Яғни желбезек аппараты жойылып, ауыз бен мұрын қуыстары толық бөлініп бір-бірінен ажырайды. Жұтқыншақтан кейін газ алмасу мүшесі - өкпе дамиды. Қосмекеңділердің алдыңғы ішегінің құрамына өңеш пен қарын кіреді. Ал, олардың артқы ішегі клоака үстіндегі томпайған бүйеннен және клоакадан тұрады.
Бауырымен жорғалаушыларда желбезек аппараты тек эмбриогенездің бастапқы кезеңінде ғана байқалады. Олардын ауыз-жүтқыншағыңда қатты таңдай айқын білінеді, ал крокодилдерде ауыз қуысы жүтқыншақтан жұмсақ таңдай арқылы бөлінген. Кейбір бауырымен жорғалаушыларда бүлшықетті қарын бөлініп, жеке қарын бөлімі ретіңде жетіле бастайды, ал құстарда ол жеке қарын болып қалыптасып, асқорытуда үлкен қызмет атқарады. Ішектің артқы бөлімінде бүйеннің көлемі қосмекенділермен салыстырғаңда біршама үлкейеді.
Сүтқоректілерде ас қорыту жүйесінің бөлімдері жоғары дәрежеде дамыған. Ауыз және мұрын қуыстары бір-бірінен толығымен бөлінген. Ортаңғы ішек он екі елі, ащы және мықын ішектерге, ал артқы ішек бүйенге, тоқ және тік ішектерге белінеді.
Сыртқы ортаның белгілі бір жағдайларына бейімделуге байланысты және азықтану түріне қарай (шөп, ет, жеміс, насеком қоректілер, талғаусыздар) ас қорыту жүйесі бөлімдері мен ағзаларының құрылыс ерекшеліктері де әр түрлі болып келеді. Шөпқоректі жануарлар құрамында клетчаткасы мол азықты қорыту үшін көп уақытты қажет етеді. Сондықтан, бұл олардың тоқ ішегі көлемінің ұлғаюына (жылқы) немесе қарын бөлімдері санының көбеюіне (ірі қара және ұсақ малдар) әсерін тигізеді. Ал, етқоректі жануарлардың (ит, мысық) асқорыту жүйесінің ұзындығы шөпқоректі жануарлар жүйесімен салыстырғанда әлдеқайда қысқа болып келеді.
Желбезек аппаратының күрделенуіне байланысты балықтардың ауыз-жұтқыншағы көп өзгеріске ұшырайды. Алдыңғы ішек ретімен орналасқан түтікше ағзалар - қысқа өңеш пен қарыннан тұрады. Ортаңғы немесе аш ішек бауыр мен ұйқы бездерінің жетілуімен ерекшеленеді. Артқы немесе тоқ ішекте қорытылған қоректік заттар уақытша жиналып сіңіріледі де, азықтың қорытылмай қалған бөлігінен нәжіс қалыптасып, аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Тоқ ішектің аналь тесігімен бітетін соңғы бөлігі - клоакаға зәр шығару және көбею ағзаларының шығару өзектері ашылады.
Қосмекенділердің асқорыту жүйесінің құрылысы балықтардың асқорыту жүйесіне ұқсас болып келеді. Бірақ, олардың атмосфералық ауамен тыныс алуға бейімделуі және осыған байланысты тыныс алу ағзаларының дамуы бас ішек (ауыз-жұтқыншақ) құрылысының күрделенуіне әкеліп соғады. Яғни желбезек аппараты жойылып, ауыз бен мұрын қуыстары толық бөлініп бір-бірінен ажырайды. Жұтқыншақтан кейін газ алмасу мүшесі - өкпе дамиды. Қосмекеңділердің алдыңғы ішегінің құрамына өңеш пен қарын кіреді. Ал, олардың артқы ішегі клоака үстіндегі томпайған бүйеннен және клоакадан тұрады.
Бауырымен жорғалаушыларда желбезек аппараты тек эмбриоге-нездің бастапқы кезеңінде ғана байқалады. Олардың ауыз-жұтқыншағыңда қатты таңдай айқын білінеді, ал крокодилдерде ауыз қуысы жұтқыншақтан жұмсақ таңдай арқылы бөлінген. Кейбір бауырымен жорғалаушыларда бұлшық етті қарын бөлініп, жеке қарын бөлімі ретіңде жетіле бастайды, ал құстарда ол жеке қарын болып қалыптасып, ас қорытуда үлкен қызмет атқарады. Ішектің артқы бөлімінде бүйеннің көлемі қосмекенділермен салыстырғаңда біршама үлкейеді.
Сүтқоректілерде асқорыту жүйесінің бөлімдері жоғары дәрежеде дамыған. Ауыз және мұрын қуыстары бір-бірінен толығымен бөлінген. Ортаңғы ішек он екі елі, ащы және мықын ішектерге, ал артқы ішек бүйенге, тоқ және тік ішектерге бөлінеді.
5 Асқорыту жүйесінің алдыңғы ішек бөліміне жататын мүшелер. Өңеш қабырғасының гистологиялық құрылысы. Асқазан құрылысы және түрлері.