Өңеш пен қарынның дамуы. Онтогенездің бастапқы кезіңде өңеш пен қарын ішек түтігінің ауыз-жүтқыншақтан кейін орналасқан біртұтас бөлігі - алдыңғы ішектен дамиды. Өңештің дәнекер ұлпасы және бұлшық ет негіздері мезенхиманың туындысы болып табылады. Дамудың 6-шы аптасында алдыңғы ішек ұзарып, қабырғасында екі қабат бұлшық ет қабығы пайда болады. Алғашқы кезде өңештің кілегейлі қабығы көпқабатты кірпікшелі эпителиймен астарланып, кейін көпқабатты жалпақ эпителийге ауысады.
Эмбриональды дамудың 4-ші аптасында ішек түтігінің өңештен кейін орналасқан бөлігі ұзына бойына ұршық тәрізді кеңейіп, болашақ қарынға айнала бастайды. Алғашқыда кеңейген түтіктің дорсальды қабырғасының томпаюынан қарынның жоғары қарай бағытталған үлкен иіні, ал оның вентральды қабырғасынан кіші иіні пайда болады. Қарынды құрсақ қуысы қабырғасыңда дорсальды және вентральды шажырқайлар бекітіп тұрады. Дорсальды шажырқай жапырақшалары аралығында энтодерма мен мезенхимадан қалыптасқан көкбауыр мен тақ дорсальды ұйқы безінің, ал вентральды шажырқайда - бауыр мен жұп вентральды ұйқы бездерінің бастама құрылымдары орналасады.
Эмбриогенез барысыңда қарынның ересек жануардағыдай орналасуы оның сол кезеңдегі екі бұрылыс жасауы арқылы жүзеге асады. Қарынның бірінші бұрылысы ағзаның ұзынша білігі бойымен оңнан солға айналуы арқылы жүреді. Осының нәтижесінде қарынның дорсальды жағыңдағы үлкен иіні вентральды, ал вентральды жағындағы кіші иіні дорсальды жағдайда орналасады.
Қарынның екінші бұрылысы көлденең біліктің бойымен жүреді. Осының арқасыңда ұзынынан жатқан қарын көлденең орналасуға мәжбүр болады. Сөйтіп, оның артқы ұшы оң, ал аддыңғы ұшы сол жаққа қарай ауысады. Осы аталған бұрылыстардың нәтижесіңде дорсальды шажырқай үлкен, ал вентральды шажырқай кіші шарбыны түзеді.
Күйіс қайыратын жануарлардың көпбөлімді қарны өңеш типті бір бөлімді қарыннан түзілген. Ірі қара малдың қарыны онтогенездің алғашқы кезеңінде негізінен екі бөлімді болып қалыптасады. Кейіннен оның алдыңғы бөлімінің томпайьш бөлектенуі нәтижесінде мес карын мен жұмыршақ, ал артқы бөлімінен қатпаршақ пен ұлтабар түзіледі.