1 Дәріс Тақырыбы


Ащы ішектің гистологиялық құрылысы



бет49/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   159
Ащы ішектің гистологиялық құрылысы. Ащы ішектің қабырғасы да, басқа түтікше мүшелер сияқты үш қабықтан: кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан құралған. Бірақ, қызметіне байланысты ащы ішектің қабырғасы құрылысында біраз ерекшеліктер болады. Атап айтқанда, ащы ішек кілегейлі қабығы құрылысында қорытылған қоректік заттарды сорып сіңіруге арналған құрылымдар болады. Оларға аш ішек кілегейлі қабығындағы қатпарлар, пішіні саусақ тәрізді ұзын бүрлер, кілегейлі қабыққа терең еніп жатқан кірмелер (крипталар) және эпителиоциттердің апикальды ұшындағы микробүрлер жатады. Ащы ішектің кілегейлі қабығы төрт қабаттан тұрады. Олар: ішкі эпителий қабаты, өзіндік тақташа, етті тақташа және кілегейліасты негіз. Кілегейлі қабықтың ішкі бетіңдегі бүрлер мен крипталар бірқабатты призма тәрізді жиекті эпителиймен қапталған. Эпителийдің астында қан және лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай борпылдақ дәнекер ұлпалық өзіндік тақташа жатады. Ішек бүрлері эпителий қабаты мен өзіндік тақташадан құралған. Бүрлердің ішіндегі борпылдақ дәнекер ұлпасында бүрлердің жиырылуын қамтамасыз ететін жекеленген миоциттер болады. Эпителий қабаты өзіндік тақташаға бойлай еніп, крипталарды құрайды. Бірқабатты призма тәрізді эпителийді жолақты жиекті пішіні призма тәрізді энтероциттер құрайды. Олардың апикальды ұшында ішек кілегейлі қабығының copy ауданын 30 еседей ұлғайтатын микробүрлер болады. Бүлар энтероциттердің жолақты жиегін түзеді. Микробүрлер плазмолеммасының ішкі бетін гликопротеидтен тұратын жүқа үлдір тәрізді гликокаликс қаптап жатады. Ол жын құрамындағы заттарды жабыстырып, ферменттердің көмегімен жарғақтық қорыту процесін іс жүзіне асыруға қатысады. Энтероциттердің сопақ келген ядролары бір қатарда, негіздік жарғаққа жақын орналасады. Микробүрлер астындағы цитоплазмада центросома, оның астында Гольдж кешені, цитоплазманың базальды жағында рибосомалар мен митохондриялар, эндоплазмалық тор шашыла орналасады. Эпителийдің ішкі бетіндегі көрші энтероциттер апикальды аймақтарының плазмолеммалары бір-бірімен тығыз жанасу арқылы байланысады. Кілегейлі қабықтың эпителий қабатында, энтероциттер аралықтарында кілегей бөлетін біржасушалы бездер - құтыша (бокал) жасушалар және биологиялық белсенді заттар бөлетін эндокринді жасушалар кездеседі. Бірқабатты призма тәрізді эпителий жасушалары негіздік жарғақта орналасады. Зақымдалған эпителий жасушаларының орнын крипта қабырғаларындағы діңгекті жасушалардан дамыған жас эпителиоциттер алмастырады. Өзіндік тақташадағы пішіні түтік тәрізді крипталардың қабырғалары да бірқабатты призма тәрізді эпителиймен қапталған. Крипталар да ішектің copy ауданын ұлғайтады. Крипталар эпителий қабаты жиекті (микробүрлерден тұрады) энтероциттерден, жиексіз энтероциттерден, панет жасушаларынан, құтыша және эндокринді жасушалардан кұралған. Жиексіз энтероциттер митоз арқылы бөлініп көбейіп, діңгекті жасушалар қызметін атқарады. Панет жасушалары — крипта түбіндегі секрет бөлетін ірі эпителиоциттер. Олар құрамында ферменттер болатын ішек сөлін бөліп, қарыннан келген жындағы тұз қышқылын бейтараптандырады.
Кілегейлі қабықтың етті тақташасының өзі ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабаттардан құралған. Аталған қабаттарды бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері түзеді.
Кілегейліасты негіз қан және лимфа тамырлары мен жүйке ганглийлері орналасқан борпылдақ дәнекер ұлпасынан құралған. Он екі елі ішектің (күйіс қайыратын жануарларда ұлтабар ұшы) кілегейліасты негізінде күрделі тарамдалған, құрылысы жағынан түтікше келген дуоденальды бездер болады. Бұлардың секрет бөлетін соңғы бөлімдері қабырғаларын ақшыл боялған кілегейлі жасушалар мен сөл бөлетін ірі ядролы күңгірт боялған безді эпителиоциттер түзеді. Олардың араларында панет, көмкерме, эндокринді, бокал тәрізді жасушалар кездеседі. Без сөлі құрамында көмірсуларды қорытуға қатысатын ферменттер мен тұз қышқылын бейтараптандыратын қосылыстар болады. Бездердің шығару өзектерін ұсақ бірқабатты текше немесе призма тәрізді эпителиоциттер астарлайды. Өзектер сыртынан дәнекер ұлпалық қабықпен қапталған. Без өзектері крипталар қуысына немесе ішек бүрлері аралығына ашылады. Аш ішек кілегейлі қабығында, әсіресе, мықын ішекте қорғаныс қызметін атқаратын көптеген лимфа түйіншелері болады.
Ащы ішектің ортаңғы етті қабығы екі қабатта орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасы қабаттарынан тұрады. Оның сыртқы ұзынша қабаты жіңішкелеу, ал ішкі сақинаша қабаты қалың болып келеді.
Сыртқы сірлі қабық аш ішек қабырғасының дорсальды бетінде тоғысып, ішек шажырқайына айналады. Шажырқай борпылдақ дәнекер ұлпалық аралығы бар екі қабатты сірлі қабықтан түзілген. Шажырқай арқылы ішекке қоректендіруші қан, лимфа тамырлары және жүйке талшықтары келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет