1 Дәріс Тақырыбы



бет52/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   159
Ерекшеліктері. Жылқы ұрты ұзын болып келеді. Шықшыт безінің өзегі ұрттың ішкі бетіне, 3 -інші жоғарғы азу тіс тұсында ашылады. Сиыр ұртының кілегейлі қабығында ұшы ауыз саңылауына кері бағытталған, пішіні конус тəрізді емізікше бүртіктер орналасады. Олар ауыз куысындағы азықтың кері түсіп қалмауын қамтамасыз етеді. Шықшыт безінің өзегі 5 –інші азу тіс деңгейінде ашылады. Қой мен ешкі ұртында да конус тəрізді емізікше бүртіктер болады. Шықшыт безінің өзегі 4 –інші азу тіс қатарында, ұрттың ішкі бетіне ашылады. Kүйic қайтаратын малдарда дорсальды жəне вентральды ұрт бездерінен баска аралық ұрт бездері де кездеседі. Шошқада шықшыт безінің өзігі 4-5 -інші азу тістің деңгейі тұсында ашылады. Ит ұртының кілегейлі қабығы пигменттелген. Шықшыт безінің өзегі 3 -iншi азу тic қатарында ашылады. Дорсальды ұрт бездері орналасу орнына карай бет бездер (gl. zygomatica) — деп аталады. Вентральды ұрт бездері болмайды.
Қызыл иек (десны)— gingiva — жак суйектердің тіс жиектерін қаптап, тістерді тіс ұяларына бекітіп тұратын ауыз куысы кілегейлі қабығының катпары.
Tic (зубы) — dens, көпше тypi — dentes, грек, odontos — ауыз куысынын катты туынды мушесі. Ол қызметше байланысты: курек тicтep (denies incisivi -1), сойдак тістер (dentes canini - С), алдынғы азу тістер (премолярлар - dentes premolares - Р) жəне нағыз азу тicтep (молярлар — dentes molares - М) болып белінеді. Жануарлардың жасына карай; сут тістерге (dentes decidui - Dd) жəне тұрақты тicтepгe (dentes permanentes - Dp) бөлінеді. Кұрылысына байланысты: кыска сауытты жəне ұзын сауытты тicтep болып бөлінеді.
Ticтep бассуйектің жоғарғы жак, тұмсык жəне төменгі жак суйектерінің тіс ұяларында орналасып, жоғарғы жəне төменгі тіс доғаларын (аркадаларын) құрайды.
Қыскасауытты тістер (brachiodontes) бip-бipiнeн анық ажырайтын үш бөліктен: Tic сауытынан (тістің ауыз куысындағы бөлігі) — corona dentis, Tic түбірінен (тістің жак жəне тұмсык, суйектер ұяларындағы бөлігі) — radix dentis жəне тіс мойнынан (тic сауыты мен тic түбipi шекарасындағы қызыл иек қаптап тұрған жіңішкелеу бөдігі) collum dentis — тұрады. Tic сауыты уш қабаттан құралған. Оның сырткы қабаты ак түсті тic кipeyкeci (эмаль) ауыз куысы кілегейлі қабығы эпителий қабатының туындысы, ягни ол даму барысында эпителийден жетіледі. Кіреукенің астындағы дентин тістің негізің құрайтын құрылысы ерекше суйек ұлпасынан тұрады. Дентиннің ішкі жағында қан, лимфа тамырлары мен жуйкелерге бай жұмсак дəнекер ұлпасы пульпаға толған Tic куысы болады. Tic түбipi де үш қабаттан құралған. Ол сыртынан сары түсті цементпен қапталған. Қалған төменгі екі қабаты тic сауытына ұқсас, ягни дентиннен жəне тic куысындағы пульпадан тұрады. Қыска сауытты тістің тic сауыты шайнаған сайын, үйкеліп қажалып,
картайған жануарларда толығымен жeлiнiп көрінбей кетеді. Қажалған тic тіс түбipi жағынан өсіп шықпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет