1 Дәріс Тақырыбы


АУЫЗ ҚУЫСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚұРЫЛЫСЫ



бет51/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   159
АУЫЗ ҚУЫСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚұРЫЛЫСЫ
Ауыз куысы (ротовая полость) — cavum oris — жұтқыншақпен жалғасып, бас бөлімді кұрайды. Оның кіреберіс тесігі — ауыз саңылауы (rimaoris), ал ауыздан жұтқыншаққа шығаберіс тесігі — есік (isthmus faucium) деп аталады. Ол тіл түбірі мен жұмсақ тандай арасында болады. Ауыз қуысы екі бөлімнен: ауыздың кіреберіс бөлімінен (vestibulum oris) жəне өзіндік ауыз куысынан (cavum oris proprium) тұрады. Ауыздың кіреберіс бөлімінің сыртқы қабырғасын еріндер мен ұрт, ішкі қабырғасын қызыл иек пен тістер кұрайды.
Ал өзіндік ауыз куысы қызыл иек пен тістен жұтқыншаққа дейінгі кеңістік.
Ауыз қуысы мүшелерінің ішкі бетін тері типтес кілегейлі қабық қаптап жатады. Ол екі қабаттан: ішкі көпқабатты жалпақ эпителийден жəне оның астындағы өзіндік тақташадан (борпылдақ дəнекер ұлпасы) тұрады. Ауыз қуысының мүшелері: жоғарғы жəне төменгі ерін, ұрт, тіс, қызыл иек, қатты жəне жұмсақ тандай, тіл, сілекей бездері.
Ерін (губы) — labia — ауыз саңылауын шектейтін терілі-етті мүше. Ол үш қабықтан: ішкі кілегейлі, ортаңғы етті (ауыздын дөңгелек бұлшық еті) қабықтардан жəне сыртқы теріден тұрады. Кілегейлі қабык екі қабаттан: ішкі көпқабатты жалпақ эпителийден жəне оның астындағы өзіндік тақташадан тұрады. Жоғарғы жəне төменгі ерін (labium superius etinferius) кілегейлі қабықтарында еріннің майда қабырғалық сілекей бездері (glandulae labiates) орналасады. Олардың өзектері ауыз куысына ашылады. Жоғарғы жəне төменгі еріннің ауыздың екі бүйіріндегі түйіскен бұрышын езу (angulus oris) - деп атайды. Ерін терісінде жекеленген сезім түктері (pili tactilis) орналасады.
Жылқының еріндері қалың, ұзын жəне қозғалмалы келеді. Төменгі ерін жақсы жетіліп, иекпен (mentum) жалғасады. Еріннің езуі азу тістің алдыңғы жағында болады. Сиыр еріндері де қалың, бірақ қысқалау келеді жəне нашар қозғалады. Жоғарғы еріннен мұрын тесігіне дейінгі аумақта түксіз пигменттелген терімен қапталған қаңсар (planum naso-labiale) созылып жатады. Қаңсарда сір сүйығын бөлетін сірлі бездер орналасады.
Əдетте, сұйықтың булануы нəтижесінде қаңсардың сыртқы беті тұрақты ылғалды да, салқын болып тұрады. Ерін езуі азу тістерінің алдында болады. Қой мен ешкінің еріндері ұзын жəне қозғалмалы келеді. Жоғарғы ерінді су ағар сайы (philtrum) бөліп тұрады. Шошқаның жоғарғы ерні түксіз талпақ танаумен (planum rostrale) жалғасқан. Төменгі ерін үшкілдеу болып келеді.
Ерін езулері 3-4 азу тістердің тұсына дейін созылады. Иттің еріндері жұқа жəне нашар қозғалады. Ауыз саңылауы ұзынынан созылып, оның езулері 3-4 азу тістерінің қатарына дейін жетеді. Жоғарғы ерін ортасынан су ағар сайымен екіге бөлініп тұрады. Төменгі ерін көлемі жағынан жоғарғы ерінге қарағанда сəл көлемділеу келеді.
Ұрт (щеки) — bucca — құрылысы ерінге ұқсас терілі-етті мүше. Ол сыртынан терімен, ал ішкі беті ауыз қуысының кілегейлі қабығымен қапталған. Ұрттың негізін ұрт бұлшық еті түзеді. Ұрт ауыз куысының екі бүйір қабырғаларын құрайды. Ұрттың ұзындығы ауыз саңылауының ұзындығына байланысты. Ауыз саңылауы ұзын болған сайын, ұрттың ұзындығы қысқа болады. Мысалы, иттің езуі ұзын да, ұрты қысқа. Бұған, керісінше, шөппен қоректенетін жануарлардың ұрты ұзын, ал ауыз саңылауы қысқа келеді. Ұрттың ішкі кілегейлі қабығы бетінде, жоғарғы азу тістердің тұсында шықшыт (құлақ түбі) сілекей безі өзегінің бүртігі (papilla parotidea) ашылады. Ұрттың кілегейлі қабығында ұрт сілекей бездері (glandulae buccales) орналасады. Əсіресе, олар шөппен қоректенетін жануарларда жақсы дамыған. Ұрт бездері дорсальды жəне вентральды болып екі топқа бөлінеді.
Олар жоғарғы жəне төменгі тіс доғалары деңгейлерінде, езу мен ұлкен шайнау бұлшық еті аралығында орын тебеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет