Ерекшеліктері. Жылқыда көмекейдің сақинаша шеміршегінің тақташасы, оның доғасымен тік бұрыш жасай орналасады. Қалқанша шеміршектің каудальды бетінде терең каудальды ойық болады. Шеміршек тақташасының сыртқы бетінде бұлшық еттер бекитін қиғаш сызықтар байқалады. Ожауша шеміршектің негізі көлемді келеді. Бөбешік шеміршектің пішіні жапырақ тəрізді. Көмекей қарыншасы жақсы жетілген.
Сиырда сақинаша шеміршек тақташасы доғасымен сүйір бұрыш түзеді.
Қалқанша шеміршектің артқа мүйіздігі ілмек тəрізді иілген. Ожауша шеміршектің дыбыс өсіндісі жақсы жетілген. Бөбешік шеміршектің пішіні сопақша келген. Дыбыс қатпарлары көмекей түбіне тік бұрыш жасай орналасады. Көмекей қуысында орталық қалта мен қарынша болмайды.
Ұсақ малдаркөмекейінің құрылысы сиыр көмекейі құрылысына ұқсас. Бірақ, оларда орталық қалта жақсы жетілген.
Шошқа көмекейі басқа жануарларға қарағанда ұзындау келеді. Сақинаша шеміршектің доғасы, оның тақташасына қиғаш орналасқан.
Ұзынша келген қалқанша шеміршектің алдыңғы жиегі қалың болады, мүйіздігі болмайды. Ожауша шеміршектердің мүйізше өсінділерінің ұшы екіге бөлініп кеткен. Бұл өсінділер мен сақинаша шеміршектің тақташасы арасында кішкентей аралық шеміршек болады. Дыбыс қатпарлары төменгі бағытта артқа қарай қиғаш орналасады. Олар алдыңғы жəне артқы бөліктерге бөлінген. Бұл бөліктердің аралығына көмекей қарыншасының тесіктері
ашылады.
Ит көмекейінің тұрқы қысқа, кіреберіс тесігі кең болады. Онша көлемді емес ожауша шеміршектер мен сақинаша шеміршек тақташасының арасында қосымша шеміршек болады. Бөбешік шеміршектің пішіні төртбұрышты болып келеді. Оның негізінен ожауша шеміршекпен байлам арқылы жалғасқан сынаша өсінді шығып тұрады. Көмекей қарыншасы жақсы жетілген. Дыбыс қатпарлары алға жəне төмен қарай қиғаш орналасады.
Көмекей қабырғасындағы бұлшық еттер үш топқа бөлінеді: Көмекейдің кеңейткіш бұлшық еттері. 1. Дорсальды сақинаша- жауша бұлшық ет (m. cricoarytaenoideus) — сақинаша шеміршек тақташасының орталық қырынан басталып, ожауша шеміршектің ет өсіндісінде аяқталатын жұп бұлшық ет. Ол ожауша шеміршекті көтеріп, көмекейдің кіреберісін кеңейтеді жəне дыбыс қатарларын қатайтады.