1 Дәріс Тақырыбы



бет84/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Ерекшеліктері. Жылқыда кеңірдек сақиналарының пішіні көлденең сопақша болып келеді, олардың саны — 48-60. Кеңірдек бифуркациясы 5-6 қабырғалар тұсында орналасады.
Сиырда кеңірдек сақиналарының екі бүйірі қысыңқы келеді. Оның бос ұштары бір-бірімен түйісіп тұрады. Шеміршек сақиналарының саны — 46- 50. Бифуркацияға дейін кеңірдектен оң өкпенің алдыңғы бөлігіне қосымша кеңірдектік бронх (bronchus trachealis) ажырайды.
Ұсақ малдарда кеңірдектегі шеміршек сақиналардың саны — 45-56. Бұларда да кеңірдек бифуркациясына дейін оң өкпенің алдыңғы бөлігіне кеңірдектік бронх ажырайды.
Шошқа кеңірдегіндегі шеміршек сақиналардың саны — 31-36. Олардың пішіні цилиндр тəрізді болып келеді. Сақиналардың бос ұштары ұзын болып келеді, бір-бірімен айқасып жатады. Шошқа кеңірдегінде де, оң өкпеге кеңірдек бифуркациясынан бұрын ажырайтын кенірдектік бронх болады.
Ит кеңірдегінде 42-46 дөңгелек пішінді шеміршек сақиналар болады. Олардың шеміршек ұштары бір-біріне түйісіп жатады. Оларды жалғастырып тұрған көлденең бұлшық ет шеміршектің жоғарғы бетінде орналасады.
ӨКПЕ
Өкпе (легкие) — pulmones — пішіні конус тəрізді, кұрылысы қомақгы көкірек қуысында орналасқан (оң өкпе — pulmo dexter жəне сол өкпе — pulmo sinister) паренхималы газ алмасу мүшесі. Көлемді келген өкпе негізі (basis pulmones) каудальды бағытта, ал жіңішкелеу келген өкпе төбесі (apex pulmones) краниальды бағытта орналасады. Өкпенің дорсальды жиегі немесе доғал жиегі (margo dorsalis s. obtusus) омыртқа бағаны жағына, ал қырлы жиегі (margo acutus) вентральды жаққа қараған. Көкірек қуысының сол жағында жүрек орналасқандықтан, оң өкпе көлемі жағынан сол өкпеге қарағанда үлкен келеді. Төменгі бөлікаралық сайлар арқылы өкпе бөліктерге бөлінеді. Сол өкпе үш бөліктен: краниальды бөліктен (lobus cranialis), ортаңғы бөліктен (lobus medius) жəне каудальды бөліктен (lobus caudalis), ал оң өкпе төрт бөліктен: краниальды бөліктен (lobus cranialis), ортаңғы бөліктен (lobus medius), каудальды бөліктен (lobus caudalis) жəне қосымша бөліктен (lobus accessorius) тұрады. Өкпенің сыртқы қабырғалармен
жанасатын бүйірінде қабырғалық беті (fades costal is), көкетпен жанасып жатқан диафрагмалық беті (fades diaphragmatica) жəне екі өкпе аралығындағы медиальды беті (facies nedtalis) болады. Медиальды беті өз кезегінде омыртқалық бөлікке (pars vertebralis) жəне көкірек ортасы бөлігіне (pars mediastinalis) бөлінеді. Өкпенің бетінде жүрек, қолқа, өңеш батыңқылары жəне артқы қуыс вена сайы жақсы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет