1 Дәріс Тақырыбы


Сиырда қаңсар ерінге дейінгі аймақты алып жатады. Мұрын тесіктері онша үлкен емес, пішіні сопақша болып келеді. Олардың дорсолатеральды шетінде танау сайы



бет79/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Сиырда қаңсар ерінге дейінгі аймақты алып жатады. Мұрын тесіктері онша үлкен емес, пішіні сопақша болып келеді. Олардың дорсолатеральды шетінде танау сайы (sulcus alaris) жатады. Танаудың дорсальды қабырғасын шеміршек тақташасы, ал вентральды қабырғасын зəкір (якорь) тəрізді шеміршек түзеді. Дорсальды жəне вентральды бүйірлік шеміршектер бір- бірімен жалғасып, мұрынның бүйір қабырғасының негізін құрайды.
Дорсальды кеуілжір ұзын, жіңішке, ал вентральды кеуілжір жалпақ болып келеді. Вентральды кеуілжір өз кезегінде ұзынша ішкі пердемен дорсальды жəне вентральды бөлімдерге бөлінеді. Оның дорсальды бөлімі ортаңғы мұрын жолымен, ал вентральды бөлімі вентральды мұрын жолымен қатысады.
Ұсақ малдарда қаңсар тек мұрын тесігінің айналасында ғана болады. Мұрын тесігі S əрпі пішіндес болып келеді.
Шошқа мұрнының ұшында жалпақ тұмсық (rostrum) орналасады. Оның пішіні диск тəріздес қозғалмалы келеді. Тұмсықтың сыртқы бетінде жалпақ тұмсық қаңсары (planum rostrale) болады. Жалпақ тұмсықтың мұрын тесіктері аралығындағы негізін танау сүйек (os rostrale) құрайды. Ол мұрын сүйектің алдыңғы ұшына, мұрын пердесіне жəне тұмсық сүйектерге байланысып жатады. Танау сүйектің екі бүйірінде танау шеміршектері орналасады. Олар артқы бағытта бүйірлік мұрын шеміршектерімен жалғасады. Танау сүйектің вентральды бөлігінен біз тəрізді латеральды қосымша шеміршек (cartilago accessoria lateralia) бөлінеді. Ол мұрын
тесігінің латеровентральды қабырғасында жатады. Шошқаның деңгелек, не сөл сопақша келген мұрын қуысы жалпақ тұмсықта орналасады. Мұрын куысының дорсальды кеуілжірі ұзын жəне жіңішке болып келеді. Ал вентральды кеуілжір дорсальды жəне вентральды оралымдардан тұрады.
Олардың қуысы ортаңғы жəне вентральды мұрын жолдарымен қатысады.
Ит мұрнының негізін құрайтын шеміршек жақсы жетілген. Ол тұмсық сүйектің жоғарғы жағынан алға қарай сəл шығып тұрады. Осының нəтижесінде мұрын ұшы қозғалмалы келеді. Мұрын тесіктерінің айналасында пигменттелген қаңсар болады. Оның орта тұсында қаңсар сайы жатады. Мұрын тесігінің пішіні дөңгелектеніп келген. Танаудың дорсальды қабырғасының негізін дорсальды бұйірлік мұрын шеміршегі, ал вентральды
қабырғасын латеральды косымша шеміршек түзеді. Мұрын қуысының қабырғасында ұзынша танау қатпарларымен қатар, қиғаш жəне параллельді катларлар болады. Вентральды мұрын кеуілжірі күрделі шытырман оралымдардан құралған. Иіс сезімі шытырманының құрылысы да кұрделі болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет