1 Дәріс Тақырыбы



бет81/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Қалқанша шеміршек (щитовидный хрящ) — cartilago thyroidea –пішіні иілген қалқанға ұқсайтын гиалинді шеміршек. Ол өзінің оң жəне сол тақташаларымен көмекейдің екі бүйірінің жəне табанының негізін құрайды.
Тақташалардың жоғарғы жиегінен алдыңғы жəне артқы мүйіздіктер шығып тұрады. Алдыңғы мүйіздіктер тіласты сүйектің үлкен мүйіздігімен, ал артқы мүйіздіктер сақинаша шеміршекпен байланысады.
Ожауша шеміршек (черпаловидный хрящ) — cartilago arytaenoidea —жұп гиалинді шеміршек. Ол ожауша шеміршек негізінен жəне одан алға қарай шығып, дорсальды бағытта ілмек тəрізді иілген мүйізше өсіндіден тұрады. Шеміршек негізінің сыртқы бетінде көтеріңкі ет өсіндісі байқалады.
Ожауша шеміршектің төменгі ұшында дыбыс сіңірі мен дыбыс бұлшық еті бекитін дыбыс өсіндісі (processus vocalis) болады. Ожауша шеміршектер бір- бірімен өзара мүйізше өсінділері арқылы жанасады, ал оның артқы беті сақинаша шеміршек тақташасының алдыңғы жиегіне буын арқылы байланысады.
Бөбешік шеміршек (надгортанный хрящ) — cartilago epiglottic dis — пішіні бүгілген жапырақ тəрізді серпімді (эластинді) шеміршек. Ол көмекей қақпағы бөбешіктің (тілшіктің) негізін түзеді. Өз кезегінде бөбешіктің сабақшасы, екі бүйір жиегі, тіл жəне жұтқыншақ беттері болады. Бөбешік негізі қалқанша шеміршектің алдыңғы жиегімен байлам арқылы байланысады.
Көмекей шеміршектері бір-бірімен өзара буын арқылы қозғалмалы байланысады. Ал қалқанша шеміршек тіласты сүйектің үлкен мүйіздіктерімен жəне бөбешікпен қасымша байламдар арқылы жалғасады.
Сөйтіп, көмекей шеміршектері көмекей куысының шеміршектік негізін құрайды.
Көмекей қуысы (cavum laryngis) ішкі бетін кілегейлі қабық астарлайды.
Көмекейге кіреберіс тесікті (aditus laryngis) төменгі жағынан көмекей қақпағы бөбешік, екі бүйірінен ожауша-бөбешік қатпарлары жиектеп жатады. Бөбешіктің негізін бөбешік шеміршек, ал қатпарлардың негізін ожауша шеміршектің мүйізше өсінділері түзеді. Бөбешік көмекей куысын жұтыну кезінде жауып тұрады.
Көмекейдің бүйір қабырғасының оң жəне сол жағындағы кілегейлі қабықта қатарынан орналасқан кіреберіс жəне дыбыс қатпарлары болады.
Осы қатпарлардың аралығында көмекей қарыншасы (ventriculus laryngis) орналасады. Кіреберіс қатпарының (plica vestibularis) негізін көмекей қарыншасының алдыңғы жағындағы қарынша бұлшық еті (m. ventricularis) түзеді. Дыбыс қатпарының (plica vocalis) негізін қалқанша шеміршек денесіне қарай бағытталған ожауша шеміршектің дыбыс өсіндісі құрайды.
Дыбыс қатпарында дыбыс сіңірі (ligamentum vocale) мен дыбыс бұлшық еті (m. vocalis) жатады. Бұлар көмекей қарыншасынан кейін орналасады.
Көмекей қуысының дыбыс қатарларына дейінгі бөлігін көмекей кіреберісі (vestibulum laryngis) — дейді. Көмекей кіреберісінің кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Оның вентральды қабырғасында, бөбешіктің табанында жайпақ шұңқырша көмекейдің орталық қалтасы (recessus laryngis medianus) болады.
Көмекей қуысының ожауша шеміршектер мен дыбыс қатпарлары аралығында жатқан бөлігін дыбыс саңылауы (rіта glottidis) — деп атайды.
Оның кеңейіп келген жоғарғы дорсальды бөлімін шеміршекаралық бөлік (pars intercartilaginea), ал дыбыс қатпарлары аралығында жатқан вентральды
бөлімін жарғақаралық бөлік (pars intermembranacea) — дейді.
Жарғақаралық бөлікті дыбыс аппараты (glottis) — деп те атайды. Көмекейқуысының дыбыс қатпарларынан кейінгі бөлігінің кілегейлі қабығы көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет