1 Дәріс Тақырыбы



бет104/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

4. Іштік орталығының (nucleus parasympathicus n. vagi) түйіналды миелинді жүйке талшықгары сомалық жүйке талшықгарымен бірігіп, кезеген жүйкені құрайды. Кезеген жүйке сопақша мидан бөлінгеннен соң, мойын аумағында симпатикалық бағанның мойын бөлігімен бірігіп, кезеген-симпатикалық бағанын (trancus vago-sympaticus) түзеді. Көкірек қуысына кіреберісте кезеген жүйке симпатикалық бағаннан ажырайды да, көмекей мен жұтқыншақгы жүйкелендіретін сомалық қайтарма жүйкені бөліп, құрсақ қуысына енеді. Көкірек куысындағы мүшелерді (жүрек, өкпе т.б.) жүйкелендіретін тармақтарды беріп, кезеген жүйке құрсақ куысына кіріп, жартыайшықты ганглийге (gan­glion semilunare) жетеді де, одан симпатикалық жүйке талшықтарымен бірге құрсақ куысындағы барлық ішкі мүшелерге жан-жаққа таралып, "күндік өрімді" құрайды. Кезеген жүйкенің түйіналды миелинді жүйке талшықтары ішкі мүшелер қабырғаларындағы микроскоппен ғана көрінетін тым майда жүйке түйіншелері немесе тораптары нейроциттерінде синапспен аяқталады. Олардың қысқа аксондарынан түзілген түйінсоңы миелинсіз жүйке талшықтары өздері қабырғаларында орналасқан ішкі мүшелердің етті қабықтары мен қабаттарын және бездерін жүйкелендіреді.
Құйымшақ орталықтары (nuclei parasympathici sacrales) нейроциттерінің түйіналды миелинді жүйке талшықтары жұлын жүйкелерінің вентральды түбіршіктері құрамында шығып, жұлын жүйкелерінен бөлінеді де, өзара бірігіп, жамбас жүйкелерін (nn. pelvini) құрайды. Бүл жүйкелер жамбас қуысында жатқан ішкі мүшелер қабырғаларына еніп, оларда орналасқан микроскопиялық жүйке тораптары нейроциттерінде аяқталады. Нейроциттер аксондарынан түзілген қысқа түйінсоңы миелинсіз жүйке талшықтары өздері орналасқан ішкі мүшелердің етті қабықгары мен бездерін жүйкелендіреді.
Ішкі мүшелер қабырғаларында орналасқан (интрамуральды) жүйке тораптарының гистологиялық құрылысы. Интрамуральды жүйке тораптары сыртынан 2-3 қабат коллаген талшықтары мен олардың аралықтарындағы жасушалардан құралған қапшықпен қапталған. Жүйке торабында құрылысына байланысты нейроциттердің (Догель нейроциттері) үш түрі ажыратылады. Олар: 1-түрі — ұзын аксонды эфферентті (қозғалтқыш) нейроциттер. Бұлардың тармақталған көптеген қысқа дендриттері және бір ұзын аксоны болады.
2-түрі — біркелкі өсінділі афферентті (сезімтал) нейроциттер.
Нейроциттер өсінділерінің барлығы құрылысы жағынан бірдей және тармақталмаған. Сондықтан, бұлардың өсінділерінің қайсысы дендрит, қайсысы аксон екенін ажырату қиын. Нейроциттердің 2 - түрінің аксондары, нейроциттердің 1 - түрінің дендриттерінде синапс арқылы аяқталатыны тәжірибе жүзінде анықталған. Осыған орай, оларды сезімтал нейроциттер дейді.
3-түрі - байланыстырғыш (ассоциативті) нейроциттер.
Синапстық (синапсалды, синапссоңы төмпешіктеріндегі) көпір-шіктердің мөлшеріне сәйкес, нейроциттердің 1 - түрінде: қоздырғыш холинергиялық (диаметрі 40-60 нм) және тежегіш адренергиялық (диаметрі 30-50 нм) синапстардың болатындығы анықталды. Ішек қабырғаларындағы жүйке тораптарының құрамында тежегіш пуринергиялық (диаметрі 100 нм) нейроциттер кездеседі. Олар өздерінен ішектер қабырғаларындағы перистальтикалық рефлекстің тежелуін қамтамасыз ететін пурин қосындыларын бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет