1 Дәріс. Топографиялық-геодезиялық ізденістер. Жерге орналастыру және кадастрда карталарды жасау және пайдалану. Жерге орналастыру және кадастрдағы геодезиялық жұмыстардың түрлері



бет12/28
Дата03.02.2023
өлшемі1,27 Mb.
#64828
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ на КАЗ яз

Нәтижелерді өрнектеу, түзету, тексеріс
Түсіріс нәтижелерін (түзету, ретке келтіру) планға салғаннан кейін, жүйелі түрде калькаға (жылтыр қағазға) көшіреді-мензульдік түсірісте күнде, басқа түсірістерде планға салып болғансоң калькаға көшіреді.
Калькаға түсіруді бастамас бұрыш, сол жерді шолып алады, қортындысында қалып қойған сұлбалар (түспей қалған) планға түсіреді. Шолу кезінде жойылған сұлбаларды (құрылымдарды) план бетінде сызылап тасталынады. Бұл сұлбаларда калькаға түсіріледі және қызыл түсті креспен үстінен сызып қояды. Аттары ғана өзгерген сұлбаларды калька бетінде көк түспен көрсетеді.
Кальканы құрастыру кезінде үш мақсатты алға қою керек: біріншіден, түзету нәтижелерін бекіту және оны түзетілген планды соңғы рет өрнектеу кезінде пайдалану, себебі кейбір сұлбалар (құрылымдар) қалып қоймас үшін және істелген жұмыстың дәлдігін төмендетпеу үшін; екіншіден, калька арқылы орындалған жұмыстың көлемін анықтау, осындағы бар геодезиялық тордың және тірек ретінде пайдалынатын сұлбалық қатаң нүктелерді дұрыс пайдалану, түсіру жүрістерін және орындалған түсірісті дұрыс жүргізу; үшіншіден, оны алаңдардың ауданын өлшеу және түзетуден кейін экспликация кезінде өзгерту енгізу.
Сұлбалардың мазмұнын калькада бекітілген шартты белгілермен, өте қатал ретке қоймай-ақ сызады, елді мекендердің, өзендердің, бұлақтардың, көлдердің аттарын жазады
Түзеті кезінде қолданылған геодезитялық тор қосындарын, салынған түсіру жүрістерінің нүктелерін, геометриялық тор нүктелерін және ауыспалы нүктелерді, түсіру кезінде тірек ретінде пайданылған сұлбалық қатаң нүктелерді, және теодолит және мензула тұрақтарын қызыл ұшбұрыштармен (қосындарды) және дөңгелектермен (нүктелерді) реттік сандарын жаза (немесе аттарын) белгілейді. Олардың реттік сандары және аттары сұлбада және журналда бірдей болулары керек. Жүргізілген жүрістердің қабырғаларын қызыл түсті тушьпен сызады.
Коррдинаталық торды көк түспен сызады, кальканың бос жеріне жерді пайдалну парақтарының орналасу тәсімін орналастырады, жоғарғы жағына-жерді пайдалну атты, төменгі жағына-отряд жетекшісінің, жерге орналстыруды ұйымдастырушы (басқарушы) мекеменің бас (аға) инженерінің, орындаушының, жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі көрсетіледі (жазылады).
Түзетілген планды толық өрнектеу түзетуді орындаушы немесе сызу цехында керекті масштабтағы шартты белгілерге сай атқарады. Толық орындау кезінде сұлбаның калькасын жетекшілікке алады..
Барлық құжаттар, (план және картадан басқасы), далалық журнал, абристер, тәсімдер, есептеу журналдары және техникалық есеп беру құжаты біріктіріліп, тігіліп іс қағаздарын сақтаушыға тапсырылады.
Түзету жұмысын тексеруді техникалық құжаттарды қарай отырып, пландарды жер бетіндегі құрылымдармен және атқарушының квалификацилық деңгейіне байланысты аспаппен өлшеу жұмыстарының көлемін салыстырып отряд жетекшісі, ізденіс бөлімі және басқалар жүйелі түрде жүргізіп отырады.
Тексеру кезінде анық көрініп тұрған сұлба (құрылым) нүктелерінің план бетіндегі ауытқуы 1 мм және анық көрінбей тұрған сұлба үшін 2 мм аспауы керек.
Тексеру нәтижесін түзетілген план бетіне салады және калькаға ауыстырады да, қызыл тушьпен сызып, қалай, қашан, кіммен жіберілгендігі туралы акт жасалады.
Түзету жұмыстарының нәтижесін жерге орналстыруды ұйымдастырушы (басқарушы) мекеменің бас (аға) инженері немесе жерге орналстыру және жерді пайдалану бөлім маманы тексеріп, қабылдайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет