1 Дәріс. Топографиялық-геодезиялық ізденістер. Жерге орналастыру және кадастрда карталарды жасау және пайдалану. Жерге орналастыру және кадастрдағы геодезиялық жұмыстардың түрлері



бет9/28
Дата03.02.2023
өлшемі1,27 Mb.
#64828
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ на КАЗ яз

Тұрақты контурлық нүктелерді тірек ретінде пайдалану арқылы пландарды корректировкалау.
Жоғарыда айтылғандай, пайда болған контурларды түсіруде тірек ретінде тұрақты контурлық нүктелерді пайдалану жұмысты көп зейін қойып орындауды және жақсы машықтанғанды талап етеді, жердегі барлық өлшеулер корректировкаланатын планға графикалық салыну есебінде, бірақ оның дәлдігін төмендетпей орындалады. Тұрақты контурлық нүктелерді жергілікті жерде және планда таңдап алуда бұл нүктелерді тануда және олардың орындарының дұрыс анықталғандығында сенім болу керек. Бұл мақсатта контурлық нүктелердің орнын аэросурет арқылы дәлдейді, оның пландағы немесе аэросуреттегі орналасуын басқа нүктелерге қатысты анықтап салыстырады немесе олардың арасындағы жер бетінде өлшенген аралықтарды пландағы аралықтармен салыстырады. Егер өлшеу нәтижелері планда бір-бірімен 1 мм артық (Пландағы 1мм контурлық нүктенің орналасу қатесінің шет мәні болып алынады) ерекшелікте болатын болса, онда олар корректировкалауда тірек нүктері ретінде пайдалануға болмайды.
Пландарды, негізінен 1 : 10 000 және 1 : 25 000 масштабтардағы, корректировкалау тәжірибесінде кездесетін көптеген оқиғалардың ішінен ең типті оқиғаны қарайық:

  1. полярлық тәсілмен тұрақты контурлық нүктелерден теодолитпен немесе мензуламен;

  2. тұрақты контурлық нүктелерге тірелетін сызыққа қатысты перпендикулярлар тәсілімен;

  3. тұрақты контурлық нүктелерге тірелетін түсіріс жүрістеріне қатысты перпендикулярлар және полярлық тәсілдермен:

а) жанасу бұрыштары жоқ теодолиттік жүріске,
б) мензулалық жүріске,
в) хордалық-бұрышөлшеуіш жүріске,
г) створлық жүріске.
Барлық бұл оқиғалар пландарды корректировкалау тәжірибесінде, тірек ретінде планға түсірілген геодезиялық тордың пунктілері пайдаланғанда да, кездеседі, тек бұл жағдайларда түсіру нәтижелері контурлық нүктелерді пайдаланғанға қарағанда, дәлдігі жоғарылау болады.
Полярлық тәсілмен теодолит және мензула арқылы түсіріс жүргізу.
Полярлық тәсілмен тұрақты контурлы нүктеден А түсіру 4 суретте көрсетілген. А нүктесінде станция – теодолит немесе мензула, одан пайда болған контур 1,2,3 ... нүктелерімен түсіріледі, ол нүктелердің пландағы орындары А нүктесіндегі төбесінен бұрыштарын және полярлық аралықтарды А—1, А—2, . . . өлшеу арқылы анықталады.



Сурет 4 Сурет 5
Түсіруде теодолиттің лимбын немесе мензулалық планшетті АВ сызығымен бағыттау қажет. В нүктесі тұрақты контурлық нүкте, өйткені егер АВ сызығын бағыттауда көп қате кететін болса, түсірілетін контур түгелдей бұрылып кетеді.
Түсірілетін 1 нүктенің орналасуын анықтау қатесі келесі белгілі қатынастарды талдау арқылы шығарылады:


оларды дифференциялдаймыз:
(4.5)
Бұл формулада — тұрақты контурлық нүктенің орналасу қатесі (планда 0,4 мм), корректировкалау планының дәлдігін сақтап қалу үшін мөлшері, 4.4 формуласына байланысты 0,46,яғни планда 0,18 мм аспауы керек.
мөлшері — А—1 аралығын өлшеу орташа квадраттық қатесі, ол екі қатеден тұрады: 1) түсіруде жіпті дальномермен аралықты өлшеу қателігі, ол А1 ұзындығының 1/300 бөлігіне тең, яғни аспаппен рейканың шекті аралығы 250 м болса, 1:10000 масштабты планда 2б0 / 300 м • 10-4  0,08мм тең болады; 2) планды салуда осы аралықты түсіру  0,08 мм, сондықтан:

Енді қатенің sAlmaA үлесіне (4.5) формуласында қалады:
.
Келесідей болғандықтан:

онда:

Бұнда кіреді: 1) бұрышын теодоли­тпен өлшеу қателігі, лимб бойынша алынған есепті 5' дейін дөңгелектеуде 3' тең болады және 2) план құрғанда транспортирмен бұрыш салу қатесі 7', сондықтан:

Онда қатенің үлесіне қалады:

Бірақ келесідей болу керек:

онда 1:10000 масштабта 25 мм болатындығын есепке ала отырып, есептеп шығарамыз:

онда

Лимбаны немесе мензулалық планшетті бағыттаудың осындай дәлдігін қамтамасыз ету үшін, mtА = mtB = mt = 0,4 мм тең болғанда, есептеп шығарамыз:

яғни sA1. қарағанда 3 реттен артық.
Дәлдікті есептеудің ұқсас нәтижелерін мензулалық түсіріс үшін де есептеп шығаруға болады.
Тұрақты контурлық нүктеде орналасқан теодолит немесе мензула станциясынан полярлық тәсілмен түсіруде теодолиттің лимбасы немесе мензуланың планшеті контурлық нүктелердің аралығымен, аспаппен рейкаға дейінгі шекті аралықтан 3 еседен кем болмайтын, бағытталуы керек.
Тексеріс үшін теодолитпен түсіруде АВ және А С бағыттарының арасындағы  бұрышы есептеледі, ал мензулалық түсірісте А С бағыты бойынша планшеттің бағытталуы тексеріледі.
 бұрышының жер бетінде және планда өлшенген мөлшерлерінің бір-бірінің айырмашылығы келесі нәтижеден аспауы керек.

онда t — тұрақты контурлық нүктенің орналасуының шеттік қатесі: (планда 1 мм); s — бұрыштың ең ұзын қабырғасы мм, планда.
Планшеттің бағытталуын тексеруде, тексеру С нүктесіне дейінгі сызылған бағыт оның орналасу орнынан 1,5 мм артық жылжымауға тиіс.
Полярлық тәсілмен түсіру үшін (сурет 5) теодолиттің немесе мензуланың станциясының орнын А және В тұрақты контурлық нүктелердің арасынан (створынан), жергілікті жерде Аа аралығын өлшеп, және оны планға салу арқылы, табуға болады. .
Теодолиттің немесе мензуланың станциясының А орнын (сурет 6) көпқайталай, кем дегенде төрт жақтан, кері керту арқылы анықтауға болады. Ол үшін теодолитпен түсіруде 1, 2, 3, 4, 5, бұрыштары өлшенеді, ал А нүктесін планға түсіру үшін бұл бұрыштарды воскіге салады, сосын воскіні, онда жүргізілген бағыттардың пландағы тиісті контурлық нүктелер арқылы өткендіктерін бақылайды (Болотов тәсілі) отырып, планға салады. Содан кейін А нүктесінің орны планға тесіліп түсіріледі. Мензулалық түсірісте воскідегі бағыттарды тұрақты контурлық нүктелерге көздеу арқылы жүргізеді.


6-сурет


Бұл тәсілді қолдануда анықталатын нүктенің контурлық нүктелермен құрылған фигураның ішінде болғандығына тырысу керек, ал іргелес қабырғалардың арасындағы бұрыштар 40° кем 140° артық болмауы керек. Түсіріс үшін теодолиттің лимбасы немесе мензуланың планшеті ең ұзын бағытта орындалады. 1
Үлкен территорияны түсіруде (корректировкалау) тұрақты контурлық нүктелерде (жергілікті жердің тұрақты заттарын есепке алмағанда) вехалар орналастырылады, олар теодолиттің немесе мензуланың станциясының орнын анықтауға шешілетін есептерде, 6-8 суреттерде бейнеленген, пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет