№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет5/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120
ИНДИВИД
СУБЪЕКТ
ЖЕКЕ ТҰЛҒА
1.4. сурет ңЖеке даралықң ұғымының құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша)
Дүниені танудағы рационалды көзқарас бізді қоршаған шынайы өмір санамызға
байланыссыз өмір сүретіндіктен, оның тəжірибелік жолмен зерттелуі мүмкіндігіне, ал
бақыланатын құбылыстарды ғылыми тұрғыдан толығымен түсіндіруге болатындығына
негізделеді. Ғылымның əр түрлі салаларында ғалымдар бірнеше мəрте адам жайлы
бүтіндей түсінік қалыптастырғысы келді. Əрине, мұндай ұғым психологияда да бар.
§ 2. Адам жəне адамзат туралы ғылымдар
Қазіргі заман ғылымында адам біріншіден, биологиялық түрдің өкілі ретінде,
екішіден, қоғам мүшесі, үшіншіден, адамның пəндік қызметі зерттеледі, төртіншіден
нақты адамның даму заңдылықтары зерттеледі.
Адамды биологиялық түр ретінде бағытты түрде зерттеу Карл Линнейдің
еңбектерінен басталады, ол адамды приматтар отрядындағы Homo sapiens жеке түрі
Ж
ЕКЕ
ДАРАЛ
ЫҚ
даралы
қ


ретінде бөліп көрсетеді. Осылайша алғашқы рет адамның тірі табиғаттағы орны
анықталды. Бірақ бұл адамға деген қызығушылық бұған дейін болмады деген сөз емес.
Адамды ғылыми тұрғыдан тану натурфилософиядан, тіршіліктанудан жəне медицинадан
бастау алады. Алайда бұл зерттеулердің аясы тар, жүйелілігі жеткіліксіз, бастысы қарама-
қарсы сипатта, мұнда адам көбенсе тірі табиғатқа қарсы қойылған. К.Линней адамды тірі
табиғаттың элементі ретінде қарастыруды ұсынды. Бұл адам зерттеудегі оң бетбұрыс
болды.
Ерекше биологиялық түр ретінде адам туралы арнайы ғылым антропология деп
аталады. Қазіргі антропологияның құрылым үш негізгі бөлімнен: адам морфологиясы
(физикалық типтің жеке өзгергіштігін, жас ерекшелігін – шала кезден кəрілікке дейін,
жыныстық диморфизмді қоса, өмір мен қызметтің өзгеруіне қарай адамның физикалық
дамуының өзгеруін зерттейді), антропогенез жайлы зерттеу (ширек кезеңде адамның
жақын аталары мен адам табиғатының өзгеруі), ол приматтарды тану, адамның
эволюциялық анатомиясы жəне палеоантропология (адамның қалдық түрлерін зерттейтін)
жəне нəсілтанудан тұрады.
Адамды биологиялық түр ретінде антропологиядан басқа, онымен байланысты
ғылымдар да зерттейді. Мысалы, адамның физикалық типін оның жалпы соматикалық
ұйымы ретінде адам анатомиясы жəне физиологиясы, биофизика жəне биохимия,
психофизиология, нейропсихология секілді нақты ғылымдар зерттейді. Осы қатарда
ерекше орын алатын медицинаға көптеген тараулар енеді.
Адамның пайда болуы жəне дамуы жайлы антропогенез ілімі Жер бетіндегі
биологиялық эволюцияны зерттейтін ғылымдармен де байланысты, өйткені адам
табиғатын жануарлар əлемінің жалпы жəне тізбекті даму процессінен тыс түсіну мүмкін
емес. Бұл ғылымдар тобына палеонтология, эмбриология, сондай-ақ салыстырмалы
физиология жəне салыстырмалы биохимия жатады.
Антропогенез жайлы ілімнің дамуына жеке пəндердің əсер етуін атап кеткен жөн.
Бұған алдымен жоғарғы нерв қызметінің физиологиясын жатқызамыз. Жоғарғы нерв
қызметінің физиологиясының генетикалық проблемаларына аса қызыға қараған
И.П.Павловтың арқасында салыстырмалы физиологияның антропоидтардың жоғарғы нерв
қызметінің физиологиясы жеке бөлім болып қалыптасты.
Биологиялық түр ретінде адам дамуын түсінуде зоопсихология мен адамның жалпы
психологиясын біріктіре қарастыратын салыстырмалы психология маңызды рөл
атқарады. Зоопсихологияда приматтарды эксперименталды түрде зерттеу бойынша
В.Келер жəне Н.Н. Ладыгина-Котс еңбектері бар. Зоопсихология саласындағы жетістіктер
арқасында адамның көптеген мінез-құлық механизмдері мен оның психикалық даму
заңдылықтары белгілі болды.
Антропогенез ғылымымен тікелей түйіспейтін ғылымдар да бар, бірақ олар оның
дамуында маңызды рөл атқарады. Оларға генетика жəне археология жатады. Тілдің пайда
болуын, оның дыбыстық құралдарын жəне басқару механизмдерін зерттейтін
палеолингвистиканың орны бөлек. Тілдің пайда болуы социогенездің орталық кездеріне,
ал сөйлеудің пайда болуы -антропогенездің орталық кезіне жатады, өйткені, бөліп сөйлеу
адамды жануарлардан ерекшелейтін басты белгі.
Социогенездің проблемалары жайлы сөз қозғауымызға орай, антропогенез
проблемаларымен тығыз байланысты қоғамдық ғылымдарды айту қажет. Оларға адам
қоғамының дамуын жəне алғашқы қауым мəдениетінің тарихын зерттейтін
палеосоциологияны жатқызуға болады.
Осылайша биологиялық түрдің өкілі ретінде адам көптеген ғылымдардың зерттеу
объектісі болып табылады, соның ішінде психологияның да. 1.7 суретте Б.Г.Ананьевтің
Homo sapiens жайлы ғылымның негізігі проблемалары классификациясы көрсетілген.
Дербес биологиялық түр ретінде адамның пайда болуы мен дамуын зерттейтін
ғылымдардың ішінде орталық орынға антропология ие болады. Адам дамуына орай
қазіргі заман антропологиясы туралы жасаған қортындыны былайша келтіруге болады:
биологиялық дамудың белгісіз бір кезеңінде адам жануарлар əлемінен бөлініп шықты
(ңантропогенез бен социогенездіңң шекаралас кезеңі) жəне адам эволюциясында
биологиялық дағдылы жəне табиғи ортаға аса бейімделген түрлердің өмір сүруіне
негізделген табиғи таңдау қызметі тоқтап қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет