1.2. сурет Тұлғаң ұғымының құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша)
Адамды тануда Б.Г. Ананьев бөліп қараған тағы бір ұғым ңіс-əрекет субъектісің. Бұл
ұғым өзінің мазмұны бойынша ңиндивидң жəне ңтұлғаң ұғымының ортасында. Іс-əрекет
субъектісі адамның биологиялық бастауы жəне əлеуметтілігін біріктіреді.
Адамды субъект ретінде басқа тіршілік иелерінен ажырататын басты белгі –
сана (1.3 сурет).
Сана – психикалық дамудың ең жоғары сатысы, ол тек адамға ғана тəн. Ол адамның
объективті
шындықты тану, бағытталған мінез-құлықты қалыптастыру,
сондай-ақ
айналаны өзгерту мүмкіндігін анықтайды. Қоршаған ортаны саналы түрде өзгерте алу іс-
əрекеті адамның субъект ретіндегі тағы да бір белгісі. Осылайша,
субъект – іс-əрекет ете
алу қабілеті бар саналы жеке тұлға.
ІС-ƏРЕКЕТ СУБЪЕКТІСІ
С А Н А
БЕЛСЕНДІЛІК
ҚЫЗМЕТ
1.3. сурет Іс-əрекет субъектісің ұғымының құрылымы
(Б.Г.Ананьев бойынша)
Сонымен, біріншіден адам тірі табиғат өкілі –
биологиялық объект, екіншіден,
саналы іс-əрекет
субъектісі, үшіншіден, əлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыла
алады. Яғни адам – саналы жəне қызметке қабілетті биоəлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш
деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның интегралды сипаттамасы –
оның жеке
тұлғалылығын қалыптастырады.
Жеке тұлғалылық – бұл нақты адамның өзгешелігі жəне қайталанбастығы
көзқарасынан психикалық, физиологиялық жəне əлеуметтік ерекшеліктерінің жиынтығы
болып табылады. Адамның жеке тұлғасының қалыптасуындағы алғышарттарына
қоғамдық сипаты бар тəрбие процесінде өзгеретін анатомия-физиологиялық
бастамалар
жатады. Тəрбиелеу жағдайлары мен туа біткен мінездердің əр түрлілігінен жеке
тұлғалылықтың көп түрлілігі пайда болады.
Сондықтан, адам – нақыт өмірдің ең күрделі объектісінің бірі деп қортынды
шығаруға болады. Адамның құрылымдық ұйымдасуы
көп деңгейлі сипаты мен оның
табиғи, əлеуметтік мəнінен көрінеді (1.4 сурет). Сол үшін де адам жəне оның іс-əрекетін
зерттейтін көптеген ғылымдардың болуы ғажап емес.
Достарыңызбен бөлісу: