Меншік құқығының түсінігі. Меншік құқығы барлық құқық жүйесіндегі орталық институттардың бірі. Меншік құқығы институты жеке құқықтың сипатын анықтайтын институт. Рим құқығы меншік құқығын затқа толық үстемдік деп анықтады. Заттық құқықтан туындайтын тұлғаның затқа үстемдігі әртүрлі деңгеймен және мазмұнмен сипатталады. Бұл үстемдік меншік құқығында толық көрсетіледі. Классикалық рим меншігі тұлғаның жерге және құлға үстемдігін көрсетті. Дей тұрғанмен, меншік құқығының түсінігін өңдеу жай жүргізілді.
Рим мемлекетінің құрылуымен мемлекетке тиесілі барлық жерлермен қатар республиканың ішкі тарихы да өзгерді. Мемлекет барлық азаматтарға жерді мұрагерлікпен пайдалану құқығын берді. Үздіксіз жаулап алу салдарынан және рим аумағының үлкеюімен қатар мемлекеттік жер қоры мемлекетке өз азаматтарына көптеген кеңістіктерді беру мүмкіндігіне ие болды.
Ерте құқықта меншік түсінігін беретін арнайы термин болған жоқ. Ерте кездегі dominium термині “билік ету” дегенді білдірді және бұл термин зат кімнің билігінде болса соған қатысты қолданыла берді. Меншік кұқығының мазмұны меншік иесінде бір мезгілде:
Іus utendi - затты пайдалану.
Ius abutendi - затқа билік ету.
Ius fruendi- затты пайдалану нәтижесінде кіріс алу және затқа билік ету құқықтарының болуымен түсіндірілді.
Пайдалану құқығы затты өзінің материалдық және рухани қажеттілігі үшін пайдалану, соның ішінде өнім келтіретін зат, зат ретінде өзінің пайдалануы және басқа тұлғалар арқылы пайдасын алу ретінде түсіндірілді.
Билік ету құқығы үшінші тұлғалардың талабымен емес, өзінің қалауы бойынша билік ету мүмкіндігін білдірді, яғни заттың юридикалық юридикалық тағдырын шешу құқығы. Иелену затты нақты іс жүзінде иеле- ну арқылы түсіндіріледі. Осы үш қүқығы болған кезде ғана меншік қүқығы туралы айтуға болатын, қорыта айтқанда осы үш термин меншік қүқығының мазмүнын білдіреді.
Меншік құқығы шексіз емес. Тіпті ерте рим заңдарының өзі меншік қүқығына шектеулер қойды.
Заңды шектеулер 12 кесте зандарымен бекітілген болатын. Олар:
Меншік иесі өзінің учаскесіне бір күн сайын көршісінің учаске- сінде өсіп тұрған ағаштан түскен өнімін жинау үшін көршісін жіберіп тұру;
15 футтан асатын бұтақ өскен жағдайда, егер меншік иесі оны кеспейтін болса, бұтақты кесіп, тіпті ағаштың өзін кесу, егер оны меншік иесі өзі жасамайтын болса;
Өзінің учаскесінің үстінен жарты футтан асатын құрылыс салуға
Меншік иесі белгілі бір сыйақыға өз учаскесінен өткізіп тұруға міндетті болды.