Квириттік меншік ерте Римдегі меншіктің ертеректегі түрі болып саналады. Квириттік меншік құқығының белгілері: квириттік меншіктің субъектісі болып тек рим азаматы саналатын; квириттік меншіктің объектісі тек манципациялық заттар; квириттік меншік құқығы тек манципация жолымен пайда болатын. Шаруашылық өмірдің дамуына байланысты азаматтық айналымның тұрақтылығып қамтамасыз ету қажеттілігі туындады және рим емес азаматтардың құқықтарын қорғау қажетболды. Біртіндеп меншіктің жаңатүрі пай- да болды және ол квириттік құқықпен танылмады және қорғалмады, бірақ претордың қорғауында болды. Претордың қорғауымен жүзеге асырылған меншіктің түрі преторлық меншік деп аталды. Преторлык меншік бойынша манципациялық заттар манципациялық емес жол- мен иеліктен шығарылатын. Квириттік меншік бойынша мұндай мәмілелер жарамсыз деп танылып, виндикациялық талап берілетін және бүл азаматтық айналымның тұрақгылығына кері әсерін тигізетін. Кейін мұндай нысан шаруашылықтаңдырудың жаңа нысанына сәйкес келмеді. Сондықган прстор мұндай жағдайда жауапкердің құқықта- рын қорғайтын, және мәміле орындалған болса, претор судъяға та- лапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы жазба жазатын.
Перегриндік меншік преторлық меншікпен қатар дамыды және ерекше түрі ретінде қарастырылды. Себебі перегриндар ерекше мәрте- бе ие болды, нақтырақ айтқанда олар рим азаматтарына қарағанда құқықгары шектелген болатын. Меншік сонымен қатар ортақ болуы да мүмкін, егер екі немесе одан да көп тұлғаға тиесілі болатын болса. Ортақ меншік иелері ортақ пайдалану және иелену құқығына ие бол- ды. Өнімдер де олардың үлестеріне қарай бөлінетін. Егер де затгы пайдалану әдеттегі тәртіптен шығып кетсе, онда басқалардың келісімі қажет болатын. (Д.2.22.7.1).
Тақырып 8. Меншік құқығының пайда болуы мен тоқтатылуы. Сағат саны: 1 сағат Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: Меншік құқығының пайда болу негіздері.