1 Дәрістер Тақырыбы. Рим жеке құқығының пәні және маңызы


тақырып. Талап туралы ілім



бет10/28
Дата21.02.2023
өлшемі79,02 Kb.
#69680
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
6 тақырып. Талап туралы ілім.
Сағат саны: 1 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Талаптың түсінігі және түрлері.
2. Бұзылған құқықты қорғаудың преторлық құралы.
Дәріс тезистері:
1. Талаптың түсінігі және түрлері. Талап дегеніміз тұлғаның өзіне тиесілі талаптарды сот тәртібімен жүзеге асыру құралы. Талаптың негізгі түрлері: заттық және жеке, қатаң құқық талаптары, ұқсастық бойынша талаптар, фикциясы бар талаптар, кондикциялар т.б. Жеке талап болып саналады, егер қарама-қарсы тарап қандай да болмасын затты беруге міндетті болса, немесе қандай бір әрекетті жасауға не ұсынуға міндетті болса. Заттық талап, егерде біз физикалық зат біздікі деп санасақ, немесе біз қандай да бір құқыққа ие екендігіміз туралы дау тудырсақ. Мысалы, пайдалану құқығы, өту, малды айдап өту, су жүргізу немесе құрылыс салу құқығымыз туралы көршімізбен даулассақ. Заттық талап орын алады, егер біз зат біздікі деп дау туғызған болсақ. Мысалы пайдалану құқығы, мал айдап өту құқығы, су жүргізу құқығы, немесе көршімізден белгілі бір биіктіктен аспайтындай құрылыс салу т.б. Заттық талап қандай болмасын бір тұлғаның заттық құқықтарын қорғайтын талап. Заттық талаптарды виндикациялық деп те атайды. Талаптарды қарау барысында судья шарттың әріптерімен байланысты қарайтын. Ұқсастық бойынша талаптар құқық нормасын қолдануға мүмкіндік берді, тіпті белгілі жағдайға қатысы болмаған кездің өзінде. Фикциясы бар талап қолданылды, егер претор заңда көрсетілмеген қатынастарды қорғау қажет деп санаған жағдайда. Мұндай жағдайда претор судьяға кейбір жоқ жағдайларды бар деп есептеу жөнінде жазба жазатын. Ал, кондикция жалпы талаптар, кешенді құқықтарды қалпына келтіруге байланысты абстрактілі талаптар. Мысалы, затты қайтару және ол үшін айып төлеу. Сонымен қатар айып пұл төлеуге байланысты талаптар да қолданылды. Арбитрарлық талаптар бойынша судья өз қалауы бойынша залалдың мөлшерін анықтады. Персекуторлық – қандай да болмасын құндылықты қайтару туралы талап.
2. Преторлық қорғаудың негізгі құралдары: Талаптық қорғаудан басқа рим құқығында бұзылған құқықтарды қорғаудың басқа әдістері орын алды. Мұндай қорғау претордың билігіне берілді. Преторлық қорғаудың негізгі құралдары: интердикт, реституция, иеленуге енгізу.
Интердикт – бұл претордың азаматтардың қандай да болмасын құқықтарын бұзатын әрекетті тез арада тоқтату туралы бұйрығы. Интердикт берілген тұлға тез арада сол бұйрықты орындауы міндетті болды. Интердиктіні орындамаған жағдайда претор санкция қолданатын, мысалы айып төлеу. Интердиктінің бірнеше түрлері болды. Олар: а) иеленуді қалпына келтіру туралы; б) затты беру туралы; в) күштеуге тиым салу туралы; г) иелену интердиктісі. Реституция – бұрынғы қалпына қайта келтіру. Бұл тәсіл пайда болған дауға жалпы нормаларды қолдану заңды емес деп таныған жағдайда қолданылатын. Реституцияны қолдану үшін мына талаптар орындалуы қажет: залалдың болуы; реституция негізі; мезгілінде өтіну. Реституцияны қолдану мерзімі залал болған кезден бастап бір жыл. Иеленуге енгізу преторлық құқық бойынша мұрагер деп танылған тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет