1 Дәрістер Тақырыбы. Рим жеке құқығының пәні және маңызы


тақырып. Құқықты жүзеге асыру және қорғау



бет9/28
Дата21.02.2023
өлшемі79,02 Kb.
#69680
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
лекция рим (1)

5 тақырып. Құқықты жүзеге асыру және қорғау.
Сағат саны: 1 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Рим құқығы бойынша азаматтық процесс.
2. Азаматтық процесстің негізі
3. Экстраординалық процесс түсінігі.
Дәріс тезистері
Ерте кезде бұзылған құқықты қорғау тәсілі өзін-өзі қорғау болды. Яғни, үшінші тұлғалардың кедергілерін өзінің қорғау құралдары арқылы қорғау. Рим мемлекетінің дамуымен, таптардың арасында теңдіктің болмауына байланысты дауды шешетін арнайы орган - сот пайда болды. Тарихи даму нәтижесінде сот өндірісі пайда болды және оның ең алғашқы нысаны легисакциондық сот өндірісі болды. Ол жеке талаптар бойынша пайда болған дауларды қарады. Өзінің атауын және шығуын қатаң құқық талаптарынан алды. Легисакциондық терминінің өзі - заң сөздерімен бірдей, байланысты болу дегенді білдіреді. Легисакциондық процесс талаптарын сақтау деген, талапкердің наразылығы заңға сәйкес болуы керек, талап ұқсастық элементтерін қамтымайды және заңмен қарастырылған салдарлар туралы сөз болуы қажет деп түсіндіріледі. Азаматтық процесстің негізгі белгілерінің бірі тараптардың сот процессіне міндетті қатысуы, жауапкердің сот процессіне қатысуын талапкердің қамтамасыз етуі.
Процесс екі сатыдан тұрды:
ius және iudicium. Бірінші сатыда тараптар белгіленген күні императордың алдына келеді және өздерімен бірге даулы мәселенің пәнін құрайтын затты әкелуге тиісті болды. Бұдан кейін даулы затқа күрес нысанындағы процесс басталады. Алдымен талапкер ерекше таяқшаны заттың үстіне қояды да, әдетте бекітілген формула мен сөздерді айтады. Кімде-кім сөздер бен аларды айтудан жаңылысатын болса, сол жеңілген болып есептеледі. Егерде тараптардың екеуі де қателеспейтін болса, ақшалай кепіл салатын. Кейіннен сот істі қарағаннан кейін жеңілген тараптың кепілі қазынаға аударылады да, жеңген тарап өзінің ақшалай кепілін қайтарып алатын. Осымен бірінші саты аяқталатын, претор істі мәні бойынша қарау үшін судьяны тағайындайтын. Екінші саты претормен тағайындалған судьяның істі қарауы және шешім шығаруымен аяқталатын. Сот шешімі тез арада күшіне енетін және шағымдалуға жатпайтын. Сауда айналымының дамуы, жаңа қатынастар нысанының пайда болуы, сот процессінің жеңілдетілген және өзгертілген нысанын қажет етті. Легисакциондық процесстің орнына формулярлық процесс келді. Формулярлық процесс те екі сатыдан тұрды. Бірінші сатыда талапкер өзінің талабын білдірді. Претор талапкердің талабын және жауапкердің қарсылығын тыңдағаннан кейін жазбаша формула құрастырды және оны сотқа жолдады. Екінші саты тараптарды дәлелдемелерін ұсынумен басталды. Процесс ауызша болды және дәлелдемелер еркін бағаланды. Судья претордың формулада берген қортынысымен байланысты болды және ол қолдау тапқан жағдайда талапты қанағаттандыруы тиіс болды. Формула келесі бөліктерден тұрды: кіріспе, яғни судьяны тағайындау; интенция - талапкердің талабының мазмұны, интенцияның мазмұны талаптың түрін айқындады; кондемнация – судьяға процессуальдық шешімнің варианттары. Формулада сонымен қатар қосымша бөліктер болуы мүмкін: Бұл эксцепция және прескрипция. Эксцепция – жауапкердің наразылығы.Бұл жауапкердің сұрауы бойынша бірінші сатыда ұсынылады және интенциядан кейін орналасады. Келесі қосымша бөлік прескрипция. Әдетте прескрипция интенцияның алдында орналасады және ол кейбір жағдайларды анықтаған кезде дау пәнін шектейтін қарама-қайшы жағдайды білдіреді. Республикалық кезеңнің аяғында кейбір магистраттар сот юрисдикциясы жоқ дауларды әкімшілік өндірісте қарады. Мұндай тәртіп басқа сот процесстерін бірте-бірте ығыстырып шығарды. Бұл процесс экстраординарлық процесс деп аталды және ол бір сатыдан ғана тұрды, сонымен қатар бастан аяқ бір тұлғамен қаралды. Қабылданған шешімге шағымдануға болатын.
Бекіту сұрақтары:
1. Рим құқығы бойынша азаматтық процесс.
2. Азаматтық процесстің негізі
3. Экстраординалық процесс түсінігі.


Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. 19.09.2019 ж. жағдай бойынша. http://adilet.zan.kz/

  2. Ермухаметова, С. Р. Рим жеке құқығы [Текст] : оқу құралы.- Римское частное право: Учебное пособие / С. Р. Ермухаметова, Е. Ю. Коваленко. Екі тілде. - Алматы : Заң әдебиеті ; [Б. м. : б. и.], 2007-2012. - 162 бет. ИРБИС.

  3. Алимпиева, Т. Г. Римское право [Текст] : учебно-методический комплекс дисц. для спец. 5В030100-Юриспруденция / Т. Г. Алимпиева. - Актобе : РИО АРГУ им. К. Жубанова, 2014. - 189 с. ИРБИС.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет