Заң бойынша мұрагерлік. Заң бойынша мұрагерлік өсиет жарамсыз деп танылған жағдайда немесе өсиет болмаған кезде қолданылады.
Мұрагерлік жүйесі ерте цивильдік құқық бойынша XII Кесте заңдарының ережелері бойынша анықталды: «Si intestate moritur, cui suus heres non essit, agnates proximus familiam habeto. Si agnatus nec essit,gentiles familiam habento - егер кімде-кім өсиетсіз өлсе және “өзінің” мұрагерлері болмаса, онда мұрагерлікті жақын агнат қабылдасын. Егер агнат та болмаса, мұра туыс мүшесіне берілсін».
Осы ереже бойынша мұрагерлердің үш кезегі бекітілді. Претор эдиктісімен мұрагерлердің төрт кезегі бекітілді. Мұрагерліктің дамуының соңғы кезеңі Юстиниан новелласы бойынша қорытындыланды. Юстиниан заңы мұрагерлікті түпкілікті өзгертті. Новеллада 118 (543 ж.), кейіннен 127 (548 ж.) новелламен мұрагерлік кезегін когнаттық туыстықпен анықтады.
Юстинианның новелласына сәйкес мұрагерлердің төрт кезегі болды.
Бірінші кезекте: ұлдары, қыздары ерте қайтыс болған балаларынан немерелері. Немерелері мен келесі дәрежедегі ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұрагерлікке ие болды. Бұл кезекте жынысына, әкесінің билігіне және туыстық дәрежесіне қарамастан мұрагерлікке ие болды.
Екінші кезек бойынша мұрагерлік шақырылды, егер бірінші кезектегі мұрагерлік болмаса. Оған әкесі, шешесі, атасы және әжесі, толық туыстар және олардың балалары шақырылды. Бұл жерде толық туыстар дегеніміз әкесі және ортақ туыстар.
Үшінші кезек алдыңғы кезектегі мұрагерлер болмаған кезде шақырылды. Бұлар толық емес ағайындылар және ерте қайтыс болған толық емес туыстарының балалары. Толық емес туыстар әкесі немесе шешесіне ортақ туыстар. Ал, олардың балаларын мұраға шақыратын, егер әке-шешелері қайтыс болған болса, солардың үлесі ретінде.
Төртінші кезек жанама туыстар арасында шақырылатын.
Новеллада артында қалған жұбайының мұрагерлігі туралы ештеңе айтылмаған. Юстиниан жүйесі бойынша енгізілген өзгеріс бойынша артында қалған жұбайы мұрагер болады, соңғы кезек бойынша. Бірақ, Юстиниан мынадай ережені бекітті: табысы жок жесір (uxor indotata) кез-келген мұрагермен қатар 100 фунт алтыннан аспайтын мөлшерде мұрагер бола алатын. Өз балаларымен мұрагер бола отырып, ол узуфрукт алу кұқығына да ие болды. Егер барлық кезек бойынша мұрагерлер болмаса ол мемлекеттік қазынаға немесе монастырға не шіркеуге өтетін.
Бастапқыда өсиет қалдырушы өзінің мүлкіне билік етуге қатысты шексіз еркіндікке ие болды, бірақ біртіндеп өсиет қалдырушыға шектеулер беріле бастады. Бұл шектеулер бойынша өсиет қалдырушы өзінің туыстарына қатысты қамқорлық жүргізуі тиіс болатын. Осыған байланысты қажетті мұрагерлік институты пайда болды.
Классикалық кезеңде жақын туыстары мұрадағы міндетті үлеске ие болды. Мұрадағы міндет үлесі заң бойынша мұрагерлік бойынша қалдырылатын үлес бойынша анықталды. Бұл үлес (portio debite) легат жолымен де орнай алатын.
Юстинианның 118 новелласында міндетті үлес мөлшерін көбейтті.
Үлкен патриархальдық отбасының ыдырауына байланысты агнаттық туыстық өз маңызын жойды және мұрагерлер мұрагерлікке кезектілік бойынша шақырылды.
Бекіту сұрақтары: Өсиет бойынша мұрагерлік
Легатгар және фидеикомисстер.
Заң бойынша мұрагерлік.
Әдебиет: Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. 19.09.2019 ж. жағдай бойынша. http://adilet.zan.kz/
Ермухаметова, С. Р. Рим жеке құқығы [Текст] : оқу құралы.- Римское частное право: Учебное пособие / С. Р. Ермухаметова, Е. Ю. Коваленко. Екі тілде. - Алматы : Заң әдебиеті ; [Б. м. : б. и.], 2007-2012. - 162 бет. ИРБИС.
Алимпиева, Т. Г. Римское право [Текст] : учебно-методический комплекс дисц. для спец. 5В030100-Юриспруденция / Т. Г. Алимпиева. - Актобе : РИО АРГУ им. К. Жубанова, 2014. - 189 с. ИРБИС.
Тақырып 11. Рим құқығындағы міндеттеме.
Сағат саны: 1 сағат Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: Міндеттеме түсінігі.