1 Дәрістер Тақырыбы. Рим жеке құқығының пәні және маңызы



бет16/28
Дата21.02.2023
өлшемі79,02 Kb.
#69680
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Негаторлық талап. Меншік иесі затты жоғалтпаған кезде де, меншік құқығын қорғауды қажет етті. Бұл меншік иесіне затқа меншік құқықгарын жүзеге асыру кезінде басқа тұлғалардың кедергі келтіру кезінде орын алады. Бұл жағдайда меншік құқығын қорғау үшін не- гаторлық талап қолданылды. Негаторлық талап меншік еркіндігін бұзушыларға қарсы бағытталған талап. Негаторлықталаптың винди- калық талаптан айырмашылығы бұл талапты қояр кезде меншік иесі затынан айырылмайды, бірақ меншік құқықтарын жүзеге асыруға байланысты кедергілерді кездестіреді. Негаторлық талап бойынша жауапкер кез-келген тұлға болуы мүмкін. Талапкер өзінің меншік құқығын және оны жауапкердің бұзғандығын дәлелдеуі керек. Егер талап қанағаттандырылатын болса, талапкерге құқықты бұзумен бай- ланысты барлық залалдар өтеледі.
Меншік құқығының тоқтатылуы. Затқа меншік құқығы тоқта- тылды, егер меншік иесі өз еркімен заттан бас тартса, зат жойылса, зат иеліктен шығарылса, немесе меншік иесінен зат еріксіз алынса. Заттың жойылуы физикалық және юридикалық жойылу арқылы бо- луы мүмкін. Физикалық жойылу дегеніміз- заттың толық жойылуы немесе ол заттың сапасы жоғалтылған жағдайға келтірілген болса. Юридикалық жойылу дегеніміз затты азаматтық айналымнан алып тастау. Меншік құқығы тоқгатылады, егер зат иеліктен шығарылса, яғни жеке-құқықтық мәмілелер арқылы затты басқа біреудің меншігіне беру.
Бекіту сұрақтары:

  1. Меншік құқығының пайда болу негіздері.

  2. Меншік құқығын қорғау.

  3. Меншік құқығының тоқтатылуы.



Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. 19.09.2019 ж. жағдай бойынша. http://adilet.zan.kz/

  2. Ермухаметова, С. Р. Рим жеке құқығы [Текст] : оқу құралы.- Римское частное право: Учебное пособие / С. Р. Ермухаметова, Е. Ю. Коваленко. Екі тілде. - Алматы : Заң әдебиеті ; [Б. м. : б. и.], 2007-2012. - 162 бет. ИРБИС.

  3. Алимпиева, Т. Г. Римское право [Текст] : учебно-методический комплекс дисц. для спец. 5В030100-Юриспруденция / Т. Г. Алимпиева. - Актобе : РИО АРГУ им. К. Жубанова, 2014. - 189 с. ИРБИС.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет