Тақырып 9. Рим құқығы бойыншамұрагерлік. Сағат саны: 1 сағат Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: Мұрагерлік түсінігі.
Мұрагерлік құкығының дамуының қалыптасу кезеңдері.
Мұрагерлік тәртібі.
Рим құқығында мұрагерлік институты ерекше орынға ие. Мұрагерлік институты рим заңгерлерімен өнделген институт болды. Рим заңгерлері көптеген түсініктер мен ережелерді өндеді. Мұрагерлік - қайтыс болған адамның мүлкінің бір немесе бірнеше тұлғаға өтуі. Мұрагерліктің нәтижесінде әмбебап құқыққабылдаушылық болады. Осы кезде рим құқығы сингулярлық құқыққабылдаушылықты да білді. Сингулярлық (жалғыз) құқыққабылдаушылық бойынша мұрагерге мұрагердің барлық құқықтары емес, кейбір құқықтары ғана өтеді. Мұрагерлік құқықтың нормалары мүлікке ие болу тәсілдеріне жатады. Рим заңгерлерімен мұрагерлік құқықтың қажетті мұрагерлік, мұрагерлік трансмиссия, өсиеттен бас тарту, ұсыну құқығы сияқты мұрагерлік құқықтың институттары өңделді.
Рим мұрагерлік құкығының дамуының қалыптасу кезеңін төртке бөлуге болады: цивилдік құқық бойынша (һеreditas), преторлық эдикт бойынша (bonorum possessio), императорлық заңдар және Юстиниан заңдары бойынша.
Цивильдік құқық бойынша мұрагерлік. Римде, барлық жерлердегі сияқты мұрагерліктің пайда болу мерзімі бойынша мұрагерліктің негізі заң бойынша мұрагерлік болды (һereditas legitima). Бұл бойынша мүлік отбасыда қалып отырды. V кестеде екі негізгі қағида бекітілген: мұрагерлер қайтыс болған адамның барлық борыштарын әр мұрагер өз үлестеріне қарай қабылдады және барлық талаптарды өзара бөлді.
Рим мұрагерлік институтының сипаты, оның әр кезеңде де: nemo pro parte testatus, pro parte intestates decedere potest - бір адамның мүлкі бір мезгілде өсиет бойынша мұрагерлік және заң бойынша мұрагерлікпен берілуі мүмкін емес-деген ережемен анықталады.
Мұрагерлік құқығының бұл кезеңде дамуы өсиет қалдырудың еркіндік қағидасының айқын болуымен ерекшеленеді. Когнаттық туыстық бұл кезеңде заң бойынша мұрагерлікке құқық бермеді.
Преторлык, құқық бойынша мұрагерлік. Цивильдік мұрагерлікпен қатар преторлық мұрагерлік бекітілді. Бұл туралы Цицеронның шығармаларында айтылған. Мұрагерлікке қатысты реформалар претормен республика кезеңінде басталып принципат дәуірінде аяқталды.
Агнаттық туыстыққа байланысты өмірдің жаңа сұрақтары барлық әлеуметтік- экономикалық құрылымның өзгеруі претормен ескеріліп, қандық бойынша туыстық заң бойынша мұрагерліктің негізі бола отырып, алғаш рет преторлық кұқықта танылды және император заңдарында көрініс тапты.
Претор мұрагерлік мүлікті иеленуге байланысты ерекше интердикт – interdictum quorum bonorum-ді бекітті. Бастапқыда бұл интердиктіні претор наразылықты қарағаннан кейін цивилдік кұқық бойынша кімді мұрагер деп таныса соған берді. Мұндай жағдайда претор цивильдік құқықты дамытуға байланысты қолдану мақсатында әрекет етті. Бірақ, жақын туыс мұрагерлікті қабылдамаса, ол келесі туысқа өтпей иесіз болып қалатын немесе кез келген тұлғаға берілетін, сондықтан осындай жағдайлардан арылу үшін және мұрагерлік мәселесінің күрделілігіне байланысты претор мұрагерлік иеленуді bonorum possession берді, яғни мұрагерлік келесі туыстарға берілді. Бұл жағдайларда претор цивилдік құқықты толықтыру үшін әрекет етті.
Кейін, bonorum possessio эмансипацияланған балаларына, яғни әкесінің билігінен шыққан балаларына және мұрагерлікген шеттетілген балаларына берілді. Бұл жағдайда да претор цивильдік құқықты түзету үшін, когнаттық туыстықты заң бойынша мұрагерлікпен байланыстырды.
Осылайша мұрагерліктің цивильдік жүйесімен преторлық жүйе қалыптасты. Цивильдік норманың ескірген нормаларының орнына преторлық қағидаларға негізделген норма келді.
Император заңдары бойынша мурагерлік. Мұрагерлікке принципат дәуірінде әсіресе империя дәуірінде көп көңіл бөлінді. Осы кезеңде мұрагерліктің преторлық жүйесінің негізгі бастамалары бекітілді.
Император қаулылары және сенатусконсульттар қандық туыстық теденциясын дамытты және бұл аналық мұраға балаларының құқықтарын заңдастыруды кеңейтті. Осы кезеңде ана тарапынан туыстарға мүлікті мұраға қалдыру мәселелері қалпына келтірілді.
Юстиниан құқығы бойынша мұрагерлік. Мұрагерлік құқығының дамуы Юстиниан новеллаларында аяқталды.
Юстиниан заң бойынша мұрагерлікті когнаттық туыстық қатынасы бойынша құру арқылы мұрагерлік жүйесін оңайлатуға шешім қабылдады. Бұл қағида 118 (543) новелласында және оны өзгерткен 127 (548) новелласында бекітілген. Юстинианның қолданыстағы заңы бойынша, егер когнаттық туыстар қайтыс болған адамның жақын туыстығына сәйкес, жынысты ажыратпай, мұрагерлік тағайындалатын болды.
Бекіту сұрақтары: Мұрагерлік түсінігі.
Мұрагерлік құкығының дамуының қалыптасу кезеңдері.
Мұрагерлік тәртібі.
Әдебиет: Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. 19.09.2019 ж. жағдай бойынша. http://adilet.zan.kz/
Ермухаметова, С. Р. Рим жеке құқығы [Текст] : оқу құралы.- Римское частное право: Учебное пособие / С. Р. Ермухаметова, Е. Ю. Коваленко. Екі тілде. - Алматы : Заң әдебиеті ; [Б. м. : б. и.], 2007-2012. - 162 бет. ИРБИС.
Алимпиева, Т. Г. Римское право [Текст] : учебно-методический комплекс дисц. для спец. 5В030100-Юриспруденция / Т. Г. Алимпиева. - Актобе : РИО АРГУ им. К. Жубанова, 2014. - 189 с. ИРБИС.
Тақырып 10. Мұрагерлікті қалдыру жолдары.
Сағат саны: 1 сағат Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: Өсиет бойынша мұрагерлік