Варикоздың даму сатысы: Біріншілік варикоз-төменгі бөлімнің аурулары жатады.Бұл
косметикалық деффектпен сипатталады. Аяқта ауырсынумен қатар,
пигментті түйіндер пайда болады. Соңы трофикалық жараға
айналады.
Екіншілік варикоз кезінде– бұл пострмбофлебит кезінде пайда
болады және төменгі аяқ веналарында тромб түзілген кезде де
дамиды. Венаның қабырғаларының өтімділігі төмендеп, клапандар
қанда қайта жүрекке апара алмауы болады.
Клиникасы: Көбінесе варикозды веналардың кеңеюі алғашқы
кезеңдерде клиникалық симптомсыз өтеді және аурудың субъективті
сезімі байқалмайды. Аурудың объективті белгілері, оның ішінде көзге
айқын көрінетін веналардың кеңеюі жиі жағдайда аурудың дәрігерге
айтар шағымдарынан әлдеқайда бұрын байқалады. Ауру сезімі кешке
қарай қозып, таңғы уақытта басылып қалады. Аяқ терісі күңгірттенеді
және қара қоңыр түске айналады, сол жер дымқылданады. Сан
веналары көк түсті ал пішіні цилиндр тәрізді иректелген болады.
Саусақтармен басқан кезде концистенциясы жұмсақ, кейбір жерлерде қатайған тромбтар болады. Вена қақпашаларының
қызметін арнайы сынамамен тексереді.
Диагностикасы: Қазіргі таңда варикозды диагностикалаудың ең
жақсы әдісі – веналарды дуплексті ультрадыбыстық сканерлеу болып
табылады. Ал басқаларына плетизмография және флебография болып саналады. Бірақ ол өте сирек қолданылады. Ең жиі
қолданылатын әдістер ол арнайы пробалар арқылы тексеру.
Арнайы пробалар 1) Троянов Тренделенбург сынамасы-науқасты кушеткаға жатқызып
аяғын жоғары көтеріп көктамырларды босатқан соң санның жоғарғы
жағына жгут қояды.
2) Гаккенбрух сынамасы-сан аймағына кең веналарға алақанды
салып науқасқа жөтелуін өтінеді. Осы арқылы қақпақшалар
қызметінің жетіспеушілігін анықтайды.
3) Дельта пертес сынамасы– сан бөлігіне жгут салып, ары бері
қозғалтады сол кезде қантамырларының өткізгіштігі төмендесе
науқаста ауырсыну болады.
4) Пратт сынамасы– аяқты оның ұшынан бастап шап аймағына дейін
эластикалық бинтпен теріасты көктамыры қысылатындай етіп таңады
да науқасқа жүруін сұрайды сол кезде көктамыр қызметінің
бұзылысын анықтайды.
5) Тальман сынамасы-арнайы жгутты спираль таризді орайдыда кан
толуды аныктайды.
6) Шейн сынамасы-жгутты үш жерден саладыда ол табан мыкын
тізеге салынады сол аркылы кан толуды аныктайды.
Емі: Медикаментозды және медикаментозды емес ем қолданылады.
Медикаментозды емге – флеботониктер қолданылады. Бұл
препараттар – вена қабырғаларының тонусын жағарлатады. Оларға –
детралекс, эскузан, гинкор-форт, гливенол және т.б. жатады.
Ал медикаментозды емсе емге:
Комрпессионды терапия,
Склеротерапия
- Хирургиялық әдістер жатады.4
- Традиционды операция – Троянова-Тренделенбург, Линтона,
- Коккет операциялары.
- Бэбкок операциясы;
- Стриппинг және минифлебэктомия
- Эндоскопиялық зертеу