1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы



бет115/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   183
Байланысты:
хирургия жауап ауызша экзамен

Классификация
1. Оқшауланған:
- кеудеішілік ағзалардың зақымдануысыз;
- кеудеішілік ағзалардың зақымдануымен (пневматоракс, гемоторакс, гемопневмоторакс).
2. Көптеген:
- кеудеішілік ағзалардың зақымдануысыз;
- кеудеішілік ағзалардың зақымдануымен (пневматоракс, гемоторакс, гемопневмоторакс);
- қабыртқалық қақпақшалар пайда болуымен.
Асқынуы:
1. Жарақаттық шоктың дамуы.
2. Геморрагиялық шоктың дамуы.
3. Қосарласқан жүрек жарақатында кардиогенді шок дамиды.
4. Вентиляция бұзылысының дамуына байланысты жіті тыныстық жеткіліксіздік дамуы.
5. Кеуде қуысы ағзаларының жəне плевра қуысының ашық жарақатында жарақаттық инфекция жəне іріңдеудің болуы.
Диагностика критерилері:
1. Дем алу кезінде жəне көкіректің қимыл ауқымын көбейткенде ауырсыну сезімі күшейіп кету (жөтелу, түшкіру, т.б. пайда болуы).
2. Зақымданған жақта тыныс экскурсиясының шектелуі.
3. Көкірек контурының деформациялануы.
4. «Қабыртқалық қақпақшалардың» парадоксальды қозғалуы.
5. Пальпациялағанда ауырсыну сезіну.
6. Көкіректің зақымданбаған жерінен алдынан артқа немесе екі бүйірден қысқанда сынған аймақта ауыру сезімнің күшеюі/
7. Тыныс алу кезінде сынған аймақта пальпация немесе аускультация арқылы анықталатын сүйек крепитациясы.
8. Плевра қуысында ауа немесе қан барын перкуссия арқылы анықтау.
9. Зақымданған жақтағы өкпенің функциясын аускультациямен анықтау.
10. Тері астының эмфиземасы.
11. Көкірекорта эмфиземасы.
12. Тахипноэ, үстіртін дем алу.
13. Тахикардия жəне АҚ төмендеуі.
14. Тері жамылғысының бозаруы немесе цианозы.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Көкірек деформацияны жəне тыныс алу кезіндее көкіректің қимылын анықтау үшін қарап тексеру.
2. Жергілікті ауырсыну сезімін, деформацияны, крепитацияны патологиялық қозғалыстарды жəне «қабырғалық қақпақты» анықтау үшін қабыртқаларды пальпациялап тексеру.
3. Зақымданған аймақты жəне эмфиземаның үдеуін анықтау үшін пальпация жасау.
4. Кеуде перпуссиясы арқылы пневматоракс немесе гемоторакс бар-жоғын анықтау.
5. Зақымдалған жақтағы өкпенің функциясын аускультация арқылы анықтау.
6. АҚ өлшеу жəне ЖСЖ санау.
7. Тыныс жиілігін санау.
8. Есі дұрыстығын анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет