18.Өңештің зақымдануы. Себептері. Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Асқынулары және хирургиялық емі. Өңештің зақымдануларын жабық (шырышты қабат жағынан жасалады) және ашық (мойын мен кеуде қуысына енген жарақаттар кезінде сырт жақтан жасалады) деп бөледі. Этиологиясы мен патогенезі.Өңештің жабық жарақаттары диагностикалық және емдік шаралар ба- рысында орын алуы мүмкін: эзофагоскопия, өңешті буждау, кардиодилата- ция, сонымен қатар өңешке бөгде заттардың түсуі кезінде («Өңештің бөгде заттары» қараңыз). Өңеште ұзақ уақыт бойы қатты зонд тұрған кезде оның кабырғасында ойылу пайда болады. Өңеш қабырғасының тесілуі оның түрлі аурулары кезінде - ісіктер, пепсиндік жара, химиялық күюде орын алуы мүмкін. Кеудеаралықтың ағзаларына және өкпеге операция жасағанда өңешті жарақаттап алуы мүмкін. Кейде өңештің спонданды жарылуы (Бурхаве синдромы) кездеседі. Бұл жағдайға итермелеуші факторлар - алкогольдік масаю, шектен тыс тамақ жеу, құсу, ауыр зат көтергенде, босану кезіндегі іш қуысындағы қысымның күрт жоғарылауы. Өңеш қабырғасының жарылуы құсуды тоқтатуға әрекеттенгенде немесе жоғарғы және төменгі өңеш сфинктерлер функцияларының үйлесімі бұзылған кезде туындауы мүмкін. Жоғарғы өңеш сфинктері жабық болған сәтте өңеш пен асказандағы қысымның жоғарылауы оның қабырғасының, көбінесе диафрагма үсті аймағында, тігінен жарылуына алып келеді. Жарылу көбіне сызыктык жара тәрізді болады, асқазан қабырғасына таралуы мүмкін.
Өңеш қабырғасының жарылуы оның қуысындағы заттар кеудеаралыққа бөлінуімен косарланады, ол өз кезегінде медиастинитке алып келеді. Плевра жапырақшасы зақымдалған жағдайда плевра эмпиемасы дамиды. Асқазанның кардиялы және фундалды бөліктерінің шырышты қабат- тарынын жарылуын Маллори - Вейсс синдромы деп атайды. Ол ішкі қан кету- мен білінеді және кей жағдайларда қан кетуді хирургиялық жолмен - дәстүрлі ашық немесе эндоскопиялық тәсілмен тоқтатуға мәжбүр етеді. Мойын, кеуде, іш қуыстарына енген жарақаттар кезінде туындайтын Өңештің ашық жарақаттары, бейбіт уақытта сирек кездеседі. Әдетте олар көрші ағзалардын қалқаншабез, кеңірдек, өкпе, жүрек, іш қуысының ағзалары, ірі қантамырлары және т.б. көптеген жарақаттарымен қосарлана жүреді.