19.Крон ауруы. Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы және ажырату диагностикасы, асқынуы. Емдеу тактикасын таңдау.Хирургиялық емге көрсеткіш және операцияның түрін таңдау. Крон ауруы– асқорыту жолының әртүрлі бөліктерінің сегментарлы зақымдануымен жүретін және зақымдану процесі гранулемалық қабынумен сипатталатын созылмалы рецидивтеуші ауру.
Асқорыту жолының кез келген аймағы зақымдалуы мүмкін. Ең жиі жіңішке ішек 70%, мықын ішектің терминальды бөлігі, тоқ ішек 30 %. 20-40 жас аралығында пайда болады. Әйелдер мен еркектер арасында таралу жиілігі бірдей.
Этиологиясы: Вирустар, хламидиялар, иерсиниялар;
Патогендік энтеробактериялардың, анаэробтық микробтардың және ішек таяқшаларының патогенді түрлерінің көбеюі;
Бифидобактериялардың азаюы;
Тағам құрамында өсімдік клетчаткасының тапшылығы;
Химиялық консерванттарды және бояуларды тамаққа көп мөлшерде қосу;
Оральдік контрацептикалық дәрмектерді жиі қабылдау;
Крон ауруының патогенезі.Ішек тіндерінің антигендеріне Іg А класына жататын аутоантиденелер түзіледі және ішектің шырышты қабатында сенсибилизацияланған лимфоциттер жиналады. Осыдан асқорыту жолында гранулемалық қабыну процесі, жаралар және некроздар дамиды. Алдымен шырышты қабатта гранулема тәрізді инфильтраттар түзіледі және лимфалық фоликулалар мен пейерлік түймедақтар гиперплазияланады. Гранулемалар лимфоциттерден тұрады, ортасында Ланганс жасушаларына ұқсайтын алып жасушалар болады. Жүре бара гранулемалық процесс ішек қабырғасының барлық қабаттарына, тамырларына, лимфа түйіндеріне таралады.
Шырышасты қабатта гиперплазияланған лимфалық фолликулалар тесіліп, жараға айналады. Ішектің ішкі бетінде ұзыннан және көлденең орналасқан саңылау тәрізді терең және жіңішке жаралар пайда болады. Шырышты қабат ісініп, томпаяды. Эндоскопиялық көрінісінде ішектің ішкі қабаты тас төсеген көшеге ұқсайды. Процесс шырышты қабаттан басталып, барлық қабаттарын қамтиды, ішек трансмуральды қабынып, сірлі қабатқа дейін таралады.Сірлі қабаттың қабынуынан ішектің ілмектері бір-бірімен және көрші ағзалармен жабысып, инфильтраттар түзеді. Пальпация кезінде ауырсынатын, қозғалмалы шамалы тығыз ісік тәрізді құрылымдар анықталады. Жаралардың тереңдігінен абсцестер мен жыланкөздер пайда болады. Жараның тыртықтанып жазылуынан ішектің өзегі тарылады.