1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы


Механикалық сарғаю. Механикалық сарғаюдың асқынуларын емдеу. Өт жолдарын дренаждауға көрсеткіштер жәнге дренаждау әдістері



бет71/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   183
24.Механикалық сарғаю. Механикалық сарғаюдың асқынуларын емдеу. Өт жолдарын дренаждауға көрсеткіштер жәнге дренаждау әдістері.
Сарғаю -терінің, шырышты қабаттың, склераның сарғаюымен бірге жүретін синдром. Оның негізгі себебі ағзадағы қан және басқа да сұйықтықтар құрамында билирубин деңгейінің жоғарылауы.Механикалық сарғаю -әртүрлі деңгейдегі өт жүру жолдарымен өттің ағуының қиындауынан түзілген патологиялық процесс.
Гепатопанкреодуоденалды аймақтағы аурулардың асқынуынан болатын кешенді симптомдармен білінетін (тері мен шырышты қабаттардың сарғаюы, зәр түсінің қоюлануы, нәжістің түссізденуі, тері қышуы, іште ауырсынулар білінуі мүмкін және температураның жоғарылауы) өт пассажының бауыр өзектерімен 12 елі ішекке өтуінің бұзылысынан дамитын, өмірге қауіпті жағдайды – механикалық сарғаю деп атайды.
Сарғаю пайда болу себептері.Жалпы тәулік бойы бауыр 250 мг дейін өт пигменті -билирубин бөліп тұрады. Ол ретикуло- эндотелиальді жүйе жасушаларынан, босаған гемоглобиннен түзіледі.Қан сарысуында билирубин деңгейінің 40 мкмоль/л жоғары болуы, ағзада шырышты қабаттың, терінің, склераның сарғаюын шақырады. Билирубин ағзадағы барлық сұйықтықтарға еніп, сарғаюға алып келеді. Анемиясы бар және терісі ақшыл түсті науқастарда сарғаюды басқаларға қарағанда ерте анықтайды.
Өт жолдары өтімсіздігі (механикалық сарғаю) әсерінен болған сарғаю. Бұл жағдайда өт жолдары бітеулі болғандықтан билирубиннің көп бөлігі өт капиллярынан қан тамырларына, лимфа тамырларына түседі. Яғни механикалық сарғаю пайда болады. Механикалық сарғаюды келесі патологиялар шақырады:
Қатерсіз:
холедохолитиаз;
үлкен дуоденальді емізікше стенозы;
холангит;
жедел папиллит, полиптер;
өт жолдарының тыртықтары;
әртүрлі себептер (туа пайда болған аномалия, паразитарлы аурулар және т.б)
Қатерлі:
үлкен дуоденальді емізікше, ұйқы безі, өт қабы және өт жолдарының рагі;
бауырдың біріншілік және метастаздаушы рагі;
Механикалық сарғаю диагностикасы: механикалық сарғаюды дұрыс анықтамау көбінесе осындай науқастарды инфекциялық бөлімге жатқызылуына, немесе паренхиматозды сарғаюы бар науқастар хирургиялық мекемеге қате диагнозбен жіберілуі мүмкін. Бұл емдеу тактикасының дұрыс жүргізілмеуіне және жасалған емнің нәтижесінің төмендеуіне алып келеді. Сондықтан сарғаюды дұрыс анықтау үшін келесі белгілерге назар аудару керек:
Холедохолитиазбен болған механикалық сарғаю. Айқын ауырсыну ұстамасынан кейін бірнеше сағаттан соң пайда болады және жылдам прогрессирленіп, дамуымен сипатталады. Сарғаюмен қатар, терінің қышуы (зуд) бірге жүреді. Қышу алдыңғы құрсақ қуысында, аяқ -қолдың бүккіш жақтарында басым болады.
Ұйқы безі басының ісігімен жүретін механикалық сарғаю. Бұл жағдайда ауырсыну болмайды. Ауру баяу дамиды. Курвуазъе синдромы байқалады, ол дегеніміз сарғаю фонындағы үлкейген ауырсынбайтын өт қабының пальпация кезінде анықталуы.


Клиника.Сонымен қатар сарғаюларға келесідей белгілер тән:
ауыздан бауырлық иістің шығуы (печоночный запах);
терісінде қышыған іздердің болуы;
бауырдың үлкейгені байқалады;
өт қабының үлкеюі;
құрсақта асцит (сұйықтық жиналу);
көкбауырдың үлкеюі;
дене түктенуінің азаюы;
қантамырлық жұлдызшалардың пайда болуы;
ісінулер (аяқта көбінесе кездеседі);
жаралардың пигментациясы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет