Орындалатын транспаппилярлы кірісулер:
Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия;
Эндоскопиялық транспапиллярлыхоледохолитоэкстракция;
Эндоскопиялық назобилиарлы дренирлеу;
Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия.Кіші инвазивті әдіс, дуоденоскоп канал арқылы фатеров емізікшесін тілу. Папиллисфинктеротомия өткізу барысында 12 елі ішекке фиброгастродуоденоскоп енгізіп, дуоденалды емізікшедегі ісік пен стенозды бар жоқтығын қарап, болғаннан кейін РХПГ өткізеді. Содан кейін емізікшеге папиллотомды (сым электродты) өткізіп тіндерді электрохирургиялық тіледі. Бірақ мынадай асқынулары болу мүмкін: жедел панкреатит, холангит, перфорация мен қан кету.
Эндоскопиялық назобилиарлы дренирлеу.Ретроградты холангиопанкреатография өткізу барысында өт жолдарында катетерді эндоскопиялық орналастырып сыртқы билиарлы дренирлеуді жасау. Фиброгастродуоденоскоп енгізілгеннен кейін, жалпы өт өзегінің канюлизациясы жасалып бауыр ішілік өзекке өткізгішті енгізгеннен кейін көптеген бүйірлік перфорациялары бар арнайы катетер орнатады. Дренаждың бос ұшын мұрын арқылы шығарылады.
Механикалық сарғаю ісіктің салдарынан болса, радикалды хирургиялықоперациялар өткізіледі:
панкреатодуоденалды резекция;
бауырдан тыс өт жолдарының резекциясы;
үлкен дуоденалды емізікшенің резекциясы (Бруншвиг операциясы);
бауыр резекциясы;
Панкреатодуоденалды резекция.Ұйқы безінің, өт жолының преампулярлы бөліміндегі немесе 12 елі ішектің үлкен емізікшесіндегі ісікті емдеудегі радикалды әдісінің бірі. Операция ұйқы безі басының резекциясы мен асқазан-ішек пен өт жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіруге негізделеді.
В.Н. Шамов бұл операциялардың мынандай түрлерін ажыратады:
І варианты. Асқазан мен өт қабының арасына анастомоз жасап, ұйқы безінің культясын аш ішекке тігу.
ІІ варианты. Жалпы өт өзегі мен аш ішектің арасына анастомоз салып, ұйқы без культясын аш ішекке тігеді.
ІІІ варианты. Ұйқы безінің культясын толық тігіп немесе экстирпациялайды да, холецистоеюностомия жасайды.
ІV варианты. Жалпы өтөзегі мен аш ішектің арасында анастомоз салып, ұйқы без культясын толық тігіп немесе мүлдем алып тастайды.