1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы



бет9/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   183
Қабырға сынықтары.Қабырға сынықтары барлық сынықтардың 15%- н құрайды, ал кеуденің жабық жарақаттарының 67%-н.Анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері. Қабырға жіңішке иілген пластинка, артқы (ұзынырақ) бөлігі сүйектен, ал алдыңғы (кеңірек) бөлігі шеміршектен құралған. Қабырғаның артқы ұштарымен – басы және буындық бетімен омыртқалармен байланысады, ал қабырға денесіндегі төмпешікпен – омыртқалардың көлдеңен буындық тесіктерімен. Қабырға иілімі төмпешіктен латеральді орналасып, қабырғаның бұрышын түзеді. Жоғарғы жеті қабырға алдыңғы ұштарымен төспен симфиздар немесе жалпақ буындар арқылы қосылады. 7-9-10 қабырғалар (жалған) төске емес, шеміршек бөлігімен алдыңғы қабырғаның шеміршегіне қосылады. 11-12 қабырғалар бос жатады.
Дем алғанда артқы бөліктерде қабырғалар айналымы жүреді, кеуде қуысы алдыңғы- артқы бөлігінде кеңейеді. Қабырғаларын көтерген кезде шеміршектердің түйіндік йілімдері түзеледі, шеміршек пен төс арасында қозғалыстар пайда болады. Шеміршек созылып және бұралады. Дем алу ағында қабырғалар төмен түседі.
Жіктелуі. Қабырғалар сынықтары жекеленген (1-2 қабырға), көптеген (3 және одан көп),біржақты немесе екі жақты,ығысумен және ығысусыз,асқынумен және асқынусыз.


Асқынулары:Пневмоторакс- ашық, жабық, клапанды (қатайған),Гемоторакс- кіші, орташа, тотальді, инфицирленген, ұйыған,Өкпе соққысы (контузия),Жарақаттан кейінгі пневмония,Еселенген сынық («флотирленген»).
Жарақат механизмі. Тікелей ұрғанда сынық күш түскен жерде болады және сынған қабырғалар саны соққының күшіне байланысты, және де жарақаттаушы заттың мөлшеріне байланысты. Тікелей емес әсер еткенде қабырғалардың сынуы күш салынған жерден алыс болады. Жарақаттаушы заттың тікелей емес әсері көптеген сынықтарды шақырады. Кеуде қуысының қысылуы алдыңғы- артқы бағытта болғанда сынықтар әдетте көптеген, қолтық асты сызықтар астында орналасқан болады.
Қырынан қысылуда қабырғалар сынығы жауырын линиясы бойымен немесе алдынан төс маңы бойымен қабырға- төс қосылыстары аймағында орналасады. Сынық кезінде қабырғаның қайта жиырылуынан алдымен ішкі капсула зақымданады, ол сүйек қабы және париетальді плеврамен тығыз жанасқандықтан жиі оларды зақымдайды. Бір уақытта висцеральді плевраның бүтіндігі өкпе жарақатымен қатар бұзылуы мүмкін.
Оконч Сынықтарда кеуде қуысының қалпы бұзылады. Дем алу кезінде, бірнеше қабырғалардың екі еселенгген сынықтардан түзілген (қабырғалық клапан) қозғалмалы сегмент ішке тартылады, ал дем шығарған кезде, кеуде қуысының көлемінен тыс шығады. Оконч сынықтарда, науқастың ауыр жағдайы қабырғалық клапанның флотирленген қозғалысынан болған тыныс алу бұзылысы мен байланысты, ол парадоксальды тыныс алуды шақырады. Зақымданған жақтағы өкпе көлемінде дем шығару кезінде басқа өкпеден ауаның түсуі әсерінен ұлғаюы парадоксальдықты негіздейді. Дем алу кезінде, оконч сынықтың ішке қарай, түсуінде өкпе көлемінде кішірейеді және ауа одан қарама қарсы жаққа ( сау жақ ) ұмтылады. Бұл жағдай қабырғалық «терезе» қозғалысының көкет аралықтың ығысуының бірігуімен қиындай түседі. Мұндай тыныс алу өкпе – жүректік жетіспеушілік, плевропульмональді шок дамуына әкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет