1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы


Операциялық араласуға (торакотомияға



бет5/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   183
Операциялық араласуға (торакотомияға) дренаж түтіктен сағатына 250 мл артық қанның бөлінуі көрсеткіш болып табылады. Видеоторакоскопиялық құрылғы болған кезде видеоторакоскопия жасауға болады. Бұл тек қана өкпе тіні жарақатының сипатын, қан кетудің интенсивтілігін анықтап қоймай, со нымен қатар, қан ағуды тоқтатуға, өкпенің бүлінген бөлігінде жиектік резек- ция және т.б. қажетті шараларды жасауға, жиналған қан мен ауаны тазалап алып тастауға, плевра қуысына жиналғандарды үнемі аспирация жасап тұру үшін дренаж түтік орнатуға, яғни, торакоскопиялық операциялық амалдарды орындауға мүмкіндік береді. Кеуде қуысы ағзаларының жабық және ашық жарақаттары кезінде тора- котомия жасауға көрсеткіштерді шұғыл, жедел және кейінгі шегерілген деп анықтайды. Шұғыл түрдегі торакотомияны жүрек тоқтаған кезде, жүрек пен ірі қантамырларының жарақаты салдарынан плевра ішіне профузды қан кеткен кез- де, сонымен қатар, тез өршіп дамыған кернелген пневмоторакс кезінде жасайды. Плевра қуысынан дренаж түтік арқылы сағатына 250 мл артық қан бөлініп, қан кету жалғасып жатқан кезде, жүрек пен ірі қантамырларының зақымдануына күдіктенген кезде және өршіп жатқан клапандық пневмоторакс кезінде жедел торакотомияға көрсеткіш болып табылады. Жеделдеу операцияларды көбінесе ұйыған гематоракс, өршуін басу шаралары сәтсіз аяқталған пневмоторакс секілді асқынуларға байланысты 3-5 күн аралығында жасайды. Аталған опера- цияларды жарақаты аз, торакоскопиялық тәсілдер арқылы орындауға болады. Кеуде қуысы ағзалары жарақаттарының жиі кездесетін асқынулары пневмония, ұйыған гемоторакс, плевра эмпиемасы, пиопневмоторакс.
3.Диафрагма жарығы. Этиология және патогенезі. Клиникасы және диагностикасы, операцияға көрсеткіштер, хирургиялық емнің әдістері.
Диафрагма жарығы-іш қуысы мүшелерінің өңеш саңылауы немесе диафрагманың басқа әлсіз аймақтары арқылы кеуде қуысына өтуімен сипатталатын ауру. Өңештің іш бөлігі, асқазанның бөлігі немесе іштің басқа мүшелері кеуде қуысына ауыса алады.
Этиология:
Диафрагматикалық грыжаның пайда болуының негізгі себебі-диафрагманың дәнекер тінінің әлсіздігі, ол көбінесе туа біткен және генетикалық бейімділікке байланысты.
кеуде қуысы мен іш қуысының жарақаты;
жүктілік кезеңі (әсіресе бірнеше жүктілік кезінде);
іш қатуға бейімділік;
жиі жөтел (мысалы, астма, көкжөтел, өкпе туберкулезі);
шамадан тыс физикалық белсенділік;
дене салмағының күрт өсуі;
өңеш дискинезиясы;
өңеш аймағындағы хирургиялық араласулар;
асқазан-ішек жолдарының қатар жүретін ауруларының болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет