ГЭРА жіктемесі: Клиникалық нысан бойынша:
· эрозиясыз рефлюксті ауру (ТЭРА) (60-65% жағдайлар);
· эрозиялы (рефлюкс-эзофагит) (30-35% жағдайлар);
· Баррет өңеші (5%).
Ауырлық дәрежесін бағалау үшін:
клиникалық өлшемшарттар:
· жеңіл – аптасына кемінде 2 рет қыжыл
· орта – аптасына 2 рет және одан да артық қыжыл, бірақ күнделікті емес;
· ауыр – қыжыл күн сайын.
1-кесте. Savary-Miller бойынша эзофагиттердің түрлендірілген жіктемесі
Ауырлық дәрежелері Эндоскопиялық көрініс
I Бір немесе бірнеше сопақ немесе желілік эрозиялар өңештің шырышты қабығының бір бойлық қатпарында ғана орналасқан.
II Көптеген эрозиялар бір бойлық қатпардан артық, бірақ циркулярлық емес орналасуы және бірігуі мүмкін.
III Эрозиялар циркулярлық орналасқан (қабынған шырыштыда).
IV Шырышты қабаттың созылмалы зақымданулары: бір немесе бірнеше жаралар, бір немесе бірнеше тарылулар және/немесе қысқа өңеш.
Қосымша эзофагит ауырлығының І-ІІІ деңгейлеріне тән өзгерістер болуы мүмкін немесе жоқ.
V Әр түрлі нысанды және ұзындықты Z– желісінен жалғасатын арнайы цилиндрлік эпителидің болуымен сипатталады (Barrett өңеші). Эзофагиттің I-IV ауырлық деңгейіне тән өңештің шырышты қабатының кез келген өзгерістерімен үйлесуі мүмкін.
Асқазан – өңештік рефлюкстің халықаралық жіктемесі (Лос- Анджелес 1998 ж.)
I дәреже- шырышты қабықтағы қабыну ошақтары 5 мм дейін.
II дәреже- қабыну ошақтары 5мм- ден көп.
III дәреже- қабыну ошақтары бірнеше қатпарларға таралған өзгерістер.
IV дәреже- шырышты қабықтағы жайылған 75%- дан асатын қабынбалы өзгерістер бар.
Клиника: ЭРА клиникалық көріністер
• қыжыл – өңештің төменгі бөлігінде төстің артында және/немесе эпигастральды аймақтағы әр түрлі қарқындылықты күйдіру сезімі;
• тамақтан кейін қышқылмен кекіру;
• тамақты құсу (регургитация);
• әлсіз немесе күшті (тарылуда) дамуда дисфагия және одинофагия (жұтуда ауырсыну) (өңештің төменгі шырышты үштен бір бөлігінде ісуде);
• төс сүйектегі ауырсынулар (тамақ қабылдау, дене жағдайы және оларды антацидтерді қабылдаумен тоқтатумен).
· бронх-өкпелік жөтел ұстамалары және/немесе тұншығу асым түрде түнгі уақытта көп тамақ ішкеннен кейін;
· отоларингологиялық: үнемі жөтелу, тамақтың жұтқыншақта «тұрып қалуы» немесе тамақта «түйір» тұрып қалу сезімі, тамақтың жыбырлауы және дауыстың қарлығуы, құлақтағы ауырсыну;
· стоматологиялық: тістердің эмалі эрозиялары, тісжегінің дамуы;
· кардиоваскулярлы: аритмиялар.