2.Қабілеттілік және дарындылық туралы түсінік Дарындылық» – бұл «дарын» сөзінен шыққан және ол дамудың аса қолайлы, сыртқы алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда бұған келесі түсінік беріледі: «Дарындылық» – бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. «Дарындылық» түсінігі «қабілет» түсінігіне өте жақын. «Қабілеттілік» сөзі орыс тілінде кем дегенде екі мағынаны қамтиды. Д.Н.Ушаковтың талқылау сөздігі бойынша :
– табиғи дарын
– бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі
Біз «қабілеттілік» сын есімінің бірінші сөздік мағынасында (мысалы, «қабілетті оқушы», «қабілетті жас ғалым») қолданамыз. Осындай жағдайда бұл терминдер, яғни «дарындылық» және «қабілеттілік» өте тығыз байланысты, мәндөс, оларды айыра алмай да қаласың. Бірақ жоғарыда келтірілген «қабілеттілік» сөзінің басқа да мағынасы бар. Ол -жинақталған тәжірибе нәтижесі және ол толығымен соған бағытталады (Н.С.Лейтес).
«Қабілеттілікке» философиялық энциклопедиялық сөздікте мынадай түсінік берілген: «Қабілеттілік – бұл субъективті жағдайда белгілі бір іс -әрекеттің табысты орындалуындағы жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері». Қабілеттілік индивидте бар білім, дағды, үйренуге бағытталмайды. Ол кейбір іс-әрекеттерді орындауда басқалардың әдістері мен тәсілдерінен тереңдегі мен беріктігінен көрініс береді және оған жетуге мүмкіндік беретін ішкі психологиялық регулятор болып табылады.
Дарындылық – бұл бірдей өмір шартында, қатарларымен салыстырғанда үйрену мен оқытуда аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылықтың ерекше көрініс беруі. Дарындылық – бұл тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір ішкі талап-мақсаттар. Сонымен қатар, дарындылық – бұл әлеуметтік құбылыс. Өйткені, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік сферада жетістіктерге жетуі туралы сөз болып отыр.
Психодиагностика әдістері, нақты әдістемелер және тесттік процедуралар, психологиялық зерттеуді жүргізудің кәсіби-этикалық принциптері, психодиагностика әдістері мен әдістемелерін таңдауға, оларды ұйымдастыру мен өткізуге қойылатын талаптар, тұлға аралық және топ аралық өзара қатынастың психологиялық механизмдері педагог-психологтың диагностикалық қызметінде маңызды болып табылады [47, б. 14].
В.И. Долгова педагог-психологтың кәсіби қызметін кәсіби даярлау үдерісіндегі кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы анықтайды. Кәсіби даярлау кезеңін қоса алғандаоның барлық кезеңдеріндегі, оның жағдайы,
кәсіби қызмет, мамандықта тұлғаның дамуын анықтайды, нақтырақ айтқанда, тұлғаның кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыруға ықпал етеді, біздің зерттеуімізде ерекше құнды және онда өзінің кескінін табады [26, б. 65].