1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Сюжеттің даму кезеңдері. Сюжет түрлері. Сюжеттік желілер



бет19/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

33 Сюжеттің даму кезеңдері. Сюжет түрлері. Сюжеттік желілер
Әдебиет теориясында сюжет желілерін экспозиция, байланыс, даму, шиеленіс, шешімі деп жіліктеп талдау байсалды пікірдің шарты екені белгілі. Сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түгелімен бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет. Сюжеттің өрбу кезеңдері немесе элементтері төмендегідей: Экспозиция, сюжеттің басталуы –(латынша expositio – түсіндіру) – көркем шығармадағы іс-әрекет, тартыс басталмай тұрып, сол оқиға болатын ортамен, болашақ кейіпкерлермен, жалпы жағдаймен таныстыру, алғашқы мәлімет беру. Тартыстың өтетін мезгілі, орны көрсетіледі. Экспозиция болашақ оқиғаға кіріспе қызметін атқарады. Экспозиция шығармадағы оқиға желісіне, қақтығысқа тікелей әсер етпейді, тек мезгілдік, мекендік мәлімет береді. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы сюжеттік желінің даму кезеңдерін талдар болсақ, шығарма экспозициясы табиғаттың суретінен, аққусыз айбынынан айырылған «Жетім көлдің» қазіргі аянышты күйін баяндаудан басталады да, эпилог та табиғат суретімен аяқталады. Сюжеттік байланыс –оқиғаның басталуына түрткі болған адамдар арасындағы қақтығыстың басы, сюжет желісіндегі оқиғаның туындау себебі. Мысалы, поэмада сәбидің жазылмас ауруға шалдығуы болашақ трагедиялық оқиғаның тууына себеп болады. Сюжеттік даму –адамдар арасындағы қақтығыстың біртіндеп дамып, шиеленісе бастауы, түрлі жағдайларға ұласуына қатысты өрбиді. Поэмадағы дүмше молданың анасына баланы «аққудың қанатымен аластау» арқылы аман алып қалуға болатынын айтуы оқиғаның ары қарай дамуын тездетті. Шарықтау шегі, кульминация (латынша culmen - шың) - оқиға дамуының ширығып, ең жоғарғы нүктеге жетуі, адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері. Мысалы, поэмада драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі - ананың баланы өлімнен арашалап қалу үшін түн жамылып айдын көлге аттанып, аққуды жайратып салуы. Қарттың анамен әңгімесі. Көркемдік шешім – шығармадағы оқиғаның бітуі, нәтижесі, соңғы түйіні, адамдар арасындағы күрделі күрестің, тартыстың аяқталуы, суреткердің өмір шындығына үкімі. Поэманың шешімінде ана зор қайғыға ұшырап, баласынан айырылады. Аққу мен баланың өлімі қатар суреттеледі. Қайғырған ана есінен де адасады. Шығарма сюжетінің шешімі оның идеялық-көркемдік шешіміне ұласқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет