1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Сюжет пен фабула мәселесі



бет18/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

32 Сюжет пен фабула мәселесі
Көркем шығармадағы сюжет (фр. sujet) - әдеби шығармада бейнеленетін оқиғалардың тізбегі, яғни уақыт пен кеңістікөлшеміндегі бірін-бірі ауыстырып, өзгеріске түсетін жағдайлардағы кейіпкерлер өмірі. Көркем шығарманың құрылымында сюжет түрлі функцияларды атқарады. Негізгі оқиғаны құрайтын оқиғалар қатарының құрылымдық мәні бар. Ол барлығының басын бір арнаға біріктіріп, бір-біріне жалғайды, суреттелетін нәрсенің іргетасын қалайды. Сонымен қатар сюжеттің шығарма қаһармандарының характерін бейнелеуде маңызы зор. Сюжеттің тағы бір қызметі өмірлік қайшылықтарды бейнелеумен байланысты.Жазушы суреттейтін оқиғалар шығарманың көркемдік әлемінің негізін құрайды. Сюжет - эпикалық, драмалық және лиро-эпикалық жанрлардың басты ұйымдастырушы элементі.Ол кейде лирикалық шығармаларда да маңызды қызметке ие, алайда бұл жағдайда ол мейлінше жинақы, ықшам, детальдық сипаттамасы сараң сипат алады. Сюжет, фабула, композиция туралы түсініктер бір-бірімен үндес естіледі. Алайда ол ұғымдардың өзіндік теориялық ерекшеліктері бар. Енді соларға тоқталып өтейік. Фабула (латынша fabula - әңгіме, баян) - әдеби туындыдағы оқиғаның мазмұнын рет-ретімен баяндап айту. Фабула кез келген оқиғада болады, бірақ кез келген оқиға көркем шығарма емес. Ауызекі әңгімеде де фабула бар. Аристотель оны «болған жайттарды жымдастыру», Гегель «шығарманың негізі және жаны» дегенмен, фабула сюжет пен композицияға фон ғана. Фабула мен сюжеттің арасын ажыратпай, екеуін бір ұғым деп қарастыратын зерттеушілер де бар [1]. Л.И.Тимофеев те сюжет пен фабула ұғымдарының арасын бөлу шығарманы талдауды күрделендіретінін атап өтеді.
Сюжет пен фабула туралы ой-пікірлер.Г.Н.Поспелов сюжетті - оқиғалық желі, ал фабуланы - баяндауды ұйымдастыру деп түсінеді. «Сюжет - баяндалатын, әңгіме болатын «зат», фабула сол «зат» туралы баяндау, әңгімелеу» [2,431]. Ол сюжет пен фабуланың айырмашылығынайқындай отырып, біріншісінде - нені әңгімелеу, екіншісінде -қалай әңгімелеу маңызды екеніне көңіл бөледі. Фабула - әңгімелеудің тәсілі,құрылымы, ал сюжет - шығармада бейнеленген оқиғалар мен әрекеттердің сабақтастығы мен байланысы. Зерттеуші В.Е.Хализев те сюжетке осыған ұқсас анықтама береді: «Сюжет… дегеніміз көркем шығармада бейнеленген оқиғалар тізбегі, яғни бірін-бірі ауыстырып
отыратын жағдайлардағы, кеңістіктік-мезгілдік өлшемдердегі кейіпкерлер өмірі» [3,249]. B.Кожинов фабуланы мазмұндаумен, ауызекі әңгімелеумен
байланыстырады.
фабула мен сюжетті бір емес, екі бөлек қарастырған жөн. Фабула - оқиға қаңқасы, шығармадағы негізгі оқиғалардың желісін жалпы мазмұндап айтып беру болса (оқиғалар қатарының шығармадағы орналасу ретіп ауыстырып, өзгертуге де болады), сюжет - шығармада бейнеленген оқиғалардың даму кезеңдерін, тәртібін бұзбаған, нақ сол реттегі және тұтас қалпындағы тізбегі, қаһармандардың алуан түрлі қарым- қатынастарының, іс әрекеттерініңжүйесі. Сюжеттің атқаратын көркемдік-идеялық функциясы. Көркем шығарманың құрылымында сюжет маңызды қызмет атқарады. Шығармада образ сомдауда психологиялық тереңдік нанымдылық, оқиға желісінде логикалық байланыстың болуы шарт. Сюжеттегі оқиғалар қатарының құрылымдық мәні бар: олар бейнеленетін оқиғалардың басын біріктірін, нығыздайды. Сонымен бірғе сюжет кейіпкерлерді бейнелеуде, олардың характерін даралауда да негізгі қызмет атқарады. Өйткені әдеби кейіпкерлер табиғаты оқиғалар легіндеашылады. Болып жатқан оқиғалар ауқымындағы кейіпкерлердің іс-қимылдары, әрекеттері, қарым-қатынасы, алуан түрлі сезімдері арқылы оларды тереңірек танимыз. Сюжет, ең алдымен, өмірлік қайшылықтарды тікелей бейнелейді. Кейіпкердің өмірінде туған қандай да бір тартыссыз сюжетті елестете алмаймыз. Оқиға барысында кейіпкерлер толқиды, ширығады, бірнәрсеге көңілі толмайды, өз мақсатына жетуге немесе маңызды дүниесін сақтап қалуға тырысады, күреседі, жеңіледі немесе жеңіп жатады. Басқаша айтқанда, сюжетте жайбарақаттық жоқ, ол драматизмге құрылады. Әдеби шығарма адамдар арасындағы алуан, күрделі қарым-қатынастарды, жеке тұлғаның тағдыры арқылы қоғам өміріндегі сан қилы шиеленістерді, мінез- құлық қақтығыстарын, қайшылық пен күрестерді бейнелейді. Осының негізінде сюжет қалыптасады. Ол көркем шығарманың мазмұнын кеңірек ашып, жекелеген қимылды ғана емес, жүйелі, желілі әрекетті жинақтайды. Сондықтан, сюжет - өнер туындысының мазмұнына айналған өмірлік оқиғалардың өзара байланысы, өрбуі, өрістеуі. Кейбір зерттеушілер сюжетті - әрекет, фабуланы – оқиға деп қарастырады. Сюжет ұғымын фабуламен шатастыру тәжірибесі де кездеседі. Біздің ойымызша, сюжет – көркем шығармада баяндалған ретпен орналасқан әрекеттердің, оқиғалар мен образдар қарым-қатынасының жүйесі.Сюжет фабуланың шығарма өзегінде талданған түрі десе де болады. Сюжетті кейде оқиғалар желісі дегенмен, бұл - оның толымды қасиетін ескере бермейтін анықтама. Бұлай дейтініміз, кейде шығармадағы оқиға хронологиялық тәртіппен баяндала бермейді, басында болған оқиғалармен оқырманның кейінірек танысатыны да бар. Еғер сюжеттің маңызды тұстарын ғана алып, туындыда берілген оқиғалар тізбегінің тәртібін бұзып,бірізді ретпен баяндай бастасақ, фабула шығады.Сондықтан фабуланы кейбір зерттеушілер «түзетілген сюжет» деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет