1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Жанр - тарихи категория. Эпикалық жанрлардың түрлері



бет28/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

41. Жанр - тарихи категория. Эпикалық жанрлардың түрлері
Жанр - әдебиетте нақтылы бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Бір түрге жататын шығармаларға ортақ белгілер болады. Мысалы, бір шығарманы роман десек, одан осы жанрдың табиғатымен жақындастыратын тұрақты қасиеттерді: сюжеттік, композициялық, көркемдік бейнелеу тәсілдерін іздейміз. Әдебиеттің әр тегі бір-бірінен кешенді белгілердің жүйесі арқылы: образ жасау ерекшелігі, кеңістіктік пен уақытты, адамның ішкі өмірін суреттеу, баяндаушы мен автор тұлғасының қатынасы тұрғысынан ерекшеленеді. Жанр – мазмұндық мәні тарихи тұрғыдан өзгеріске ұшырап отыратын категория. Жанрлар генезисін (қалыптасу үрдісін) жанрлар жүйесі дамуының ішкі заңдылықтарымен ғана түсіндіре алмаймыз. 1920 жылдары жанр мәселелері бойынша орыс ғалымдары Ю.Н.Тынянов пен М.М.Бахтиннің айтысында үлкен мән бар. Ю.Тынянов тарихи дәуірлер алмасқанда барлық жанрлар жүйесінің де ауысатынын, жазушылар шығармашылығындағы жанрлық құрылымдардың даралық қасиетін жазды. Ал М.М.Бахтиннің пікірінше, әдебиет тарихы – жанрлар тарихы. Ол жанрдың тұрақты қасиетін баса айтады
Эпика, эпос (грекше epos – сөз, әңгіме, баяндап беру) – көркем әдебиетте оқиғаны баяндап әңгімелеуге негізделген, шындықты барынша кеңінен қамтып, егжей-тегжей, жан-жақты суреттеу арқылы жеткізетін, тарихи тамырын тереңге жіберген әдебиеттің басты тегі. Эпос - күрделі, сан салалы өмір құбылыстарын, қат-қабат оқиғаларды шегіне жеткізе шиеленістіре бейнелейтін, алуан түрлі адам тағдырларын, мінез-құлықтарын сан қырынан танытып, шынайы ашатын, айтар ойы ауқымды, күрделі әрі көлемі үлкен жанр.
Эпостың поэтикасы бойынша басты қаһарман ерекше туылып, өз мақсатына жету жолында неше түрлі кедергілер мен қиындықтарға, қатерлі жауларға жолығады, қалыңдық іздеуге немесе алыс сапарға аттанады. Ежелгі эпостағы тіл өрнегіне асыра әсірелеу, гипербола, дамыту тән. Эпостық шығарманың арқауы - ішкі субъективтік шындық емес, сыртқы объективтік шындық - жекелеген адамдардың көңіл-күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмысы мен тіршілігінің жылнамасы, тарихи тағдыры, ұлттық даму заңдылықтары. Эпоста халықтың даналығы, дүниетанымы жатыр. «Эпос – тарих жаңғырығы, ел естелігінінің жарқын бір көрінісі. Оның көптеген үлгілерінен түрлі дәуір, қилы кезеңдерге тән танымдық ақпараттар, эпикалық дәстүр шеңберінде жеткен тарихи-этникалық үрдіс көріністері аса мол ұшырасады». Қазақ эпосы туралы бағалы пікірлер В.Радлов, Г.Потанин, М.Готовицкий, Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, Ә.Марғұлан, М.Әуезов, Р.Бердібай т.б. зерттеулерінде бар.
Эпикалық шығармаларда әдебиеттің басқа тектерінде мүмкін емес ауқымда көп кейіпкерлер, түрлі жағдайлар, оқиғалар, саналуан тағдырлар, детальдар молынан суреттеледі, ұзақ дәуірлердің, тұтастай тарихи кезеңдердің суреті беріледі және баяндау формасы адамның ішкі әлемінің жықпыл-жықпылын терең талдауға мүмкіндік береді.
Эпос жанры әдеби тектердің ішіндегі ең күрделісі, әрі ең көлемдісі болғандықтан, ол өз ішінде бірнеше жанрлық түрлерге жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет