1. Әкімшілік процесс ұғымы және құрылымы


Тақырып 9. Әкімшілік-құқықтық шағымдар мен даулар бойынша өндіріс



бет27/59
Дата22.10.2023
өлшемі252,21 Kb.
#120527
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59
Байланысты:
дәріс1

Тақырып 9. Әкімшілік-құқықтық шағымдар мен даулар бойынша өндіріс
§1. Әкімшілік-құқықтық шағым және әкімшілік-құқықтық даулар бойынша өндірістің ұғымы және оның нысандары
§2. Әкімшілік-құқықтық шағымның мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.
§3. Әкімшілік-құқықтық шағымдар мен даулар бойынша өндіріс сатылары
§1. Әкімшілік-құқықтық шағым және әкімшілік-құқықтық даулар бойынша өндірістің ұғымы және оның нысандары
Шағымдар бойынша өндіріс жеке жүгінетін, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке тұлға, жеке және ұжымдық өтініштер арқылы жүгінетін конституциялық құқыққа сүйенеді.
Осы өндірістің шеңберінде қаралатын мәселе шағым немесе дау болып табылады. Шағым ұғымы - бұл азаматтың өзінің бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін не басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру немесе қорғау туралы өтініші болып табылады. Дәл осы өтініштің сипаты осы өндіріс аясында қол жеткізілетін заңды нәтижені анықтайды.
"Әкімшілік-құқықтық дау деп әкімшілік-құқықтық қатынастар субъектілері арасындағы тараптар әртүрлі түсінетін құқықтар мен міндеттерге және (немесе) әкімшілік актілердің заңдылығына қатысты жария басқару саласындағы құқықтық нормаларды іске асыруға, қолдануға, бұзуға не белгілеуге байланысты туындайтын және белгілі бір құқықтық рәсім шеңберінде шешілетін келіспеушіліктерді түсінемізі".
Әкімшілік-құқықтық дауды шешудің заңнамада екі жолы қарастырылған. Біріншісі -шағым беру құқығын (әкімшілік тәртіп) пайдаланған адамның бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін жоғары тұрған уәкілетті билік органдарына немесе мамандандырылған органдарға шағым беруден тұрады. Екіншісі - оның құқықтарын қорғау үшін сот органдарына жүгіну (сот тәртібі).
Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен әкімшілік актіні қабылдаумен байланысты емес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы. Заңда көзделген жағдайларда әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдаумен байланысты әкімшілік әрекеттерге (әрекетсіздік) шағым жасауға құқылы. Егер әкімшілік орган, лауазымды тұлға заңда белгіленген мерзімдерде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекеттер (әрекетсіздік) жасамаса, онда әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекеттер (әрекетсіздік) жасаудан бас тартуы мерзімдердің өткен күнінен бастап саналады.
Шағымды әкімшілік тәртіппен (сотқа дейінгі) қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган), лауазымды адам жүргізеді.
ҚР ӘҚБтК-тің мақсаттары үшін шағымдарды қарайтын орган деп бағыныстылық тәртібімен (Қазақстан Республикасы Президентін, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрін, Қазақстан Республикасы Үкіметін қоспағанда) жоғары тұрған болып табылатын, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңы негізінде шағымдарды қарауға уәкілетті өзге де әкімшілік орган, лауазымды адам танылады.
Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Талапты қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда шағымды қарайтын әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымды қайта жібереді. Егер Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше көзделмеген болса, сотқа шағым жасауға әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам болмаған жағдайда әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) сотта шағым жасалуы мүмкін.
Шағымдарды прокуратура органдарының қарауы "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздерде және шектерде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет