1. Әкімшілік процесс ұғымы және құрылымы


Шағымды қарау және ол бойынша шешім қабылдау кезеңі



бет30/59
Дата22.10.2023
өлшемі252,21 Kb.
#120527
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59
2. Шағымды қарау және ол бойынша шешім қабылдау кезеңі.
Шағымның қарау мерзімі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше
көзделмесе, шағым түскен күннен бастап он бес жұмыс күн құрайды.
Шағымды қарау мерзімін шағымды қарайтын органның басшысы немесе ақылға қонымды мерзімде оның орынбасары ұзарта алады, бірақ бір айдан артық мерзімге емес, шағымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды орнықтыру қажеттілігіне қарай ол туралы әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, әкімшілік рәсім қатысушысы мерзімі ұзартылған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде хабарландырылады.
Шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы шешімге заңда белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Шағым бойынша шешім


Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімдердің түрлері
Шағымды қарайтын орган шағымды қарай отырып, мына шешімдердің бірін:
1) әкімшілік актіні жою және жаңа әкімшілік актіні қабылдау туралы;
2) әкімшілік әрекетті (әрекетсіздікті) жасау туралы;
3) әкімшілік актіні өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
4) әкімшілік істіәкімшілік органға әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын лауазымды адамға, жіберілген қателерді көрсете отырып, әкімшілік рәсімдерді қайталап жүзеге асыру үшін және оны жою бойынша ұсыныстарды жіберу туралы;
Шағымды қараусыз қалдыру туралы шешімдердің бірін шығарады.
Шағымды қарайтын орган әкімшілік актінің күшін жояды және жаңа әкімшілік акті қабылдайды, егер тиісті актіні қабылдау, әкімшілік әрекетті жасау шағымды қарайтын органның құзіретіне жататын жағдайда әкімшілік әрекет жасайды.
Шағымды қарайтын орган әкімшілік органға, әкімшілік рәсімдерді қайтадан жүзеге асыру үшін әкімшілік әрекетіне шағым жасалатын лауазымды адамға әкімшілік актіні, жіберілген бұзушылықтарды көрсете отырып және оларды жою бойынша ұсыныстармен әкімшілік актіні қабылдаудан бас тартуға, егер сәйкесінше актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау шағымды қарайтын органның құзіретіне жатпайтын жағдайда, шағымды жібереді.
Әкімшілік актіні жоюға және жаңа әкімшілік актіні қабылдауға, әкімшілік әрекетті (әрекетсіздікті) жасауға, сондай-ақ әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға қайталап жүзеге асыруға жіберу үшін:
-әкімшілік істі қарау үшін маңызы бар мән-жайлардың ауқымын дұрыс анықтай және айқындай алмауы;
-әкімшілік актінің мазмұны, әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің), әкімшілік істің материалдарына сәйкес келмеуі;
-Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу немесе дұрыс қолданбау негіз болып табылады.
Шағымды қарайтын органның шешімі орындау үшін міндетті болып табылады.
Шағымды қарайтын орган заңда белгіленген мерзімде шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдамаса, онда шағымды қарайтын орган мерзімі өту күнінен
бастап, шағымды қанағаттандырудан бас тартты деп есептейді.
Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда әкімшілік рәсімнің қатысушысы шағымды қарайтын органда немесе сотта әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімнің нысаны мен мазмұны
Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімде:
1) шешімнің қабылданған күні;
2) шағымды қарайтын органның атауы;
3) шағымды берген адам туралы мәліметтер: жеке тұлға үшін-тегі, аты, әкесінің аты (егер ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның –атауы, ұйымдастыру-құқықтық нысаны, заңды тұлғаның (филиалы мен өкілдіктің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
4) шағым жасалатын әкімшілік актінің, әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) қысқаша мазмұны;
5) шағымның мәні;
6) шағымды қарайтын орган шағым бойынша шешім шығарған кезде басшылыққа алған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтемесімен негіздемесі көрсетіледі.
Шешімде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және (немесе) шағымды дұрыс қарау үшін маңызы бар, сондай-ақ шешім қабылдау үшін негіз болып табылатын өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
3. Шағым бойынша қабылданған шешімге шағым жасау кезеңі.
Бұл кезең қосымша болып табылады және егер өтініш беруші қарау нәтижелеріне және шағым бойынша қабылданған шешімге қанағаттанбаса жүзеге асырылады. Өтініш берушінің өтініш бойынша қабылданған шешімге шағым жасауға құқығы бар. Шағымдану әкімшілік тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін, бұл жоғары мемлекеттік органға шағым беруді немесе шағымды қадағалау бөліміне, көбінесе атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңдылығын қадағалайтын прокуратура органдарына жіберуді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет