1. Әкімшілік процесс ұғымы және құрылымы


§2. Әкімшілік-құқықтық шағымның мазмұнына қойылатын жалпы талаптар



бет28/59
Дата22.10.2023
өлшемі252,21 Kb.
#120527
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59
Байланысты:
дәріс1

§2. Әкімшілік-құқықтық шағымның мазмұнына қойылатын жалпы талаптар
Шағымды лауазымды адам жеке-дара, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда не әкімшілік органның - алқалы құрамының шешімі бойынша қарайды.
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын лауазымды адамға, осындай адам шағымды қарайтын алқалы органның құрамына кіретін кездегі жағдайды қоспағанда, шағымды қарауға жол жіберілмейді.
Шағым беру мерзімі
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетке (әрекетсiздiкке) шағымәкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актіні қабылдау немесе әкімшілік әрекет (әрекетсiздiк) жасау белгілі болған күннен бастап әкімшілік органға, лауазымды адамға үш айдан кешіктірмей беріледі.
Осында белгіленген дәлелді себептер бойынша мерзімді өткізіп алған жағдайда, бұл мерзімді әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген жағдайда, шағымды қарайтын орган қалпына келтіруі мүмкін.
Шағымдану үшін өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру мақсатында шағымды қарайтын орган дәлелді себеп ретінде ауру, еңсерілмейтін күш жағдайлары және адамды шағым беру мүмкіндігінен айыратын өзге де себептерді таниды.
Шағымдану үшін өткізіп алынған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды. Мерзімді өткізіп алу себептері шағымды қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тарту үшін негіздердің бірі болып табылуы мүмкін.
Шағымның нысаны мен мазмұны
Шағым жазбаша және (немесе) электрондық нысанда беріледі.
Шағымда:
1) шағымды қарайтын органның атауы;
2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол бар болса) жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол бар болса), пошталық мекен-жайы не атауы, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекен-жайы;
3) жеке тұлғаның нақты мекен-жайы және заңды тұлғаның тұрғылықты жері;
4) әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
5) әкімшілік рәсімге қатысушы өз талаптарын және дәлелдерін негіздейтін мән-жайлар;
6) шағым беру;
7) әкімшілік рәсімге қатысушының қолы;
8) шағымға қоса берілетін құжаттар тізбесі;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Шағымды қабылдау, тіркеу, қайтару және кері қайтарып алу
Шағымды қабылдау, тіркеу, есепке алу, қайтару және кері қайтарып алу заң ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Шағымды қараусыз қалдыру негіздері
Шағымды қарайтын орган егер:
1) шағымды қарайтын органның әкімшілік рәсім қатысушысына қатысты шағымдарды қарау нәтижелері бойынша шағымда көрсетілген сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шешімі бар болса;
2) сол адамға қатысты, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған заңды күшіне енген сот актісі бар болса;
3) шағымды қарайтын органмен шағым қайтарылса;
4) шағымды қарайтын орган арыз берушіден шағымныңкері қайтарып алуын қабылдаған болса, шағымды қараусыз қалдырады.
Шағымды қарау шағымды қараусыз қалдырған жағдайларда шағымды қарайтын органның шешімімен аяқталады, ол туралы әкімшілік рәсім қатысушысын шешім қабылданған күннен бастап үш күн жұмыс күн ішінде хабарландырады.
Шағымды қараусыз қалдыру үшін негіз болып табылатын жағдайларды жойғаннан кейін әкімшілік рәсім қатысушысы тағы шағым беруге құқылы.
Шағымды берудің салдары
Шағымды беру:

  1. азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық немесе мемлекеттік

мүдделерді қорғау талап етілген;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларды қоспаған кезде, әкімшілік актіні, әкімшілік әрекетті орындауды тоқтата тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет