1. Әкімшілік процесс ұғымы және құрылымы


Дәлелдемелер және дәлелдеу



бет33/59
Дата22.10.2023
өлшемі252,21 Kb.
#120527
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59
Байланысты:
дәріс1

3.Дәлелдемелер және дәлелдеу
Дәлелдемелерді, дәлелдемелер ретінде алынбайтын нақты деректерді, дәлелдеу нысанасы мен дәлелдемелердің дереккөздерін құқықтық реттеу, сондай-ақ дәлелдемелерді (дәлелдеуді) жинау, зерттеу, бағалау және пайдалану тәртібі және дәлелдемелер мен дәлелдеу туралы басқа да ережелер заңда белгіленген ерекшеліктерді қоспағанда, ҚР АПК нормаларында айқындалады.
Дәлелдеу міндеті
Талап қоюшы өз мүмкіндіктеріне сәйкес дәлелдемелерді жинауға қатысуға міндетті. Берілген талап қою түріне қарамастан, талап қоюшы құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы өзіне мәлім болған уақытты, сондай-ақ келтірілген залалдың мөлшерін дәлелдеуге міндетті.
Дәлелдеу ауыртпалығын:
1) дау айту жөніндегі талап қою бойынша — ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні қабылдаған жауапкер;
2) мәжбүрлеу туралы талап қою бойынша – сұратылып отырған әкімшілік актіні қабылдаудан бас тарту үшін негіз болған фактілер бөлігінде жауапкер және өзі үшін қолайлы әкімшілік актінің қабылдануы негізделетін фактілер бөлігінде талап қоюшы көтереді.
3) әрекет жасау туралы талап қою бойынша – сұратылып отырған әрекет жасаудан (әрекетсіздік танытудан) бас тарту үшін негіз болып табылған фактілер бөлігінде жауапкер және өзі үшін қолайлы фактілер бөлігінде талап қоюшы;
4) тану туралы талап қою бойынша қандай да бір құқықтық қатынастың болуын немесе болмауын растайтын фактілер бөлігінде талап қоюшы және бұдан былай заңды күші жоқ ауыртпалық түсіретін әкімшілік актінің, сондай-ақ қандай да бір жасалған әрекеттің (әрекетсіздіктің) құқыққа сыйымдылығын негіздейтін фактілер бөлігінде жауапкер көтереді.
4.Әкімшілік сот ісін жүргізудің сатылары.
Әкімшілік сот ісін жүргізудің сатыларына мыналар жатады:
1) І инстанция сотында істі қозғау;
2) сот талқылауына әкімшілік істі дайындау;
3) сот талқылауы;
4) соттың шешімін шығару, оны жария ету.
Әкімшілік талап – жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарды, бостандықтарды немесе заңды мүдделерді қорғау және қалпына келтіру мақсатында сотқа берілетін талап.
І инстанция сотында істі қозғау
Мыналар сотқа берілетін талап қоюлар болып табылады:
1) дау айту туралы талап қою;
2) мәжбүрлеу туралы талап қою;
3) әрекет жасау туралы талап қою;
4) тану туралы талап қою.
Талап қою сотқа жазбаша нысанда не талап қоюшының және (немесе) оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет