1. Әкімшілік процесс ұғымы және құрылымы


Әкімшілік істер бойынша сот талқылауының жалпы бастаулары



бет32/59
Дата22.10.2023
өлшемі252,21 Kb.
#120527
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59
Байланысты:
дәріс1

Әкімшілік істер бойынша сот талқылауының жалпы бастаулары

Әкімшілік істер бойынша сот талқылауы соттарда, жазбаша, ауызша жүргізіледі.
Әкімшілік сот ісі мынадай негізгі сатыларды рет-ретімен өтуді білдіреді:
1) талап қоюды сотта тіркеу;
2) соттың келіп түскен әкімшілік іс бойынша әрекеттері және алдын ала тыңдау;
3) сот талқылауы;
4) соттың шешімін шығару, оны жария ету және түсіндіру;
5) соттың шешімін орындау және сот бақылауы.
Әкімшілік істі мәні бойынша шешпейтін сот актісі ұйғарым нысанында шығарылады. Сот ұйғарымдарды сот отырысында да, сот отырысынан тыс та шығаруы мүмкін.
Сот күрделі емес мәселелер бойынша сот отырысы залынан шықпастан ұйғарым шығарады, ол хаттамаға енгізіледі.
2.Процестік мәжбүрлеу шаралары
Процестік мәжбүрлеу шараларына мыналар жатады:
1) ескерту;
2) сот отырысы залынан шығарып жіберу;
3) ақшалай өндіріп алу.
Процестік мәжбүрлеу шараларын қолданудың негіздері мен тәртібі
Осы 1) және 2) тармақшаларда көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
Сот 3) тармақшада көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы ұйғарым шығарады.
Осы ұйғарымға шағым жасау процестік мәжбүрлеу шараларының орындалуын тоқтата тұрмайды. Ақшалай өндіріп алуды қолдануға жекеше шағым беруге қолданылған өндіріп алу орындалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту
Төрағалық етуші сот отырысының залында тәртіп бұзушы адамға ескерту жариялауға құқылы. Сонымен бірге төрағалық етуші қайталанған жағдайда, оған қатысты неғұрлым қатаң мәжбүрлеу шарасын қолдануы мүмкін екендігін түсіндіреді.
Сот отырысы залынан шығарып жіберу
Әкімшілік процеске қатысатын адам өзіне жасалған ескерту жарияланғаннан кейін сот отырысының залында тәртіп бұзған жағдайда, төрағалық етуші оны әкімшілік істі қараудың барлық кезеңінде немесе оның бір бөлігінде шығарып жіберуге құқылы.
Тәртіп бұзушы басқа да қатысушы адамдар сот отырысында төрағалық етушінің өкімімен оларға алдын ала ауызша ескерту жарияланбастан шығарып жіберілуі мүмкін.
Ақшалай өндіріп алу
Сот заңда жағдайларда ақшалай өндіріп алуды қолданады.
Ақшалай өндіріп алу жеке тұлғаға, лауазымды адамға, заңды тұлғаға не оның өкіліне он айлық есептік көрсеткіштен бастап бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде қолданылады. Сот ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы ұйғарым шығарады, оның көшірмесі ақшалай өндіріп алу қолданылатын адамға табыс етіледі.
Ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы мәселені қарау өзіне қатысты мәжбүрлеу шарасы қолданылатын адамға алдын ала хабарлана отырып, сот отырысында жүргізіледі.
Сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып дәлелдер ұсынылған, тапсырмалар орындалған жағдайларда, егер бұл әкімшілік істі қараудың созылуына алып келсе, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.
Соттың талабын, сұрау салуын орындамағаны, әкімшілік іске қатысушы адамның сотқа келмегені, сотқа уақтылы хабарламағаны, кері қайтарып алуды уақтылы бермегені, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбағаны, сотта белгіленген қағидаларды бұзғаны, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемегені туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) үшін сот жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.
Соттың шешімін, соттың тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіту туралы ұйғарымын орындамағаны үшін сот осы сот актісінде ол бір айдан аспайтын мерзім ішінде орындалуға жататын мерзімді көрсете отырып, жауапкерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолданады.
Ақшалай өндіріп алуды төлеу ұйғарым табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және ол республикалық бюджеттің кірісіне өндіріп алынады.
Ақшалай өндіріп алу қолданылған тұлға оны төлеуден босату немесе ақшалай өндіріп алу мөлшерін азайту туралы өтінішхатпен сотқа жүгінуге құқылы.
Арыз сот отырысында арыз иесін шақырта отырып қаралады.
Ақшалай өндіріп алу қолданылған кезде сот ұйғарымның орындалуын кейінге қалдыруға немесе екі айға дейінгі мерзімге бөліп төлеуді беруге құқылы.
Соттың талаптарын орындамаған кезде сот тұлғаға он айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылған мөлшерде қайтадан ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет