1. Эритроциттердің морфофункционалды сипаттамасы. Эритроциттердің көрсеткіштері. Эритроциттер мен гемоглобиннің клиникалық диагностикалық мәні қалыпты және патологияда. Науқасты жалпы қан анализінее дайындау


Су-электролит алмасуының гормональды реттелуі және олардың клиникалық диагностикалық маңызы



бет15/16
Дата18.05.2023
өлшемі104,06 Kb.
#94539
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
19.Су-электролит алмасуының гормональды реттелуі және олардың клиникалық диагностикалық маңызы.
Су теңгерілімі немесе балансы – деп органи-змге түскен су мен одан шығарылатын судың арасында тепе-теңдіктің болуын айтады.
Су алмасуы бұзылыстарының түрлері:
Су алмасу бұзылыстары:
1Денеде судың азаюы
(гипогидрия, гипогидратац-ия, эксикоз)
2Денеде судың көбеюі (гипергидрия, гипергидратация)
Организмнен шығарылатын су мен электролиттердің арақатынасы бойынша:
Гипогидрия
1Изотониялық (изоосмостық)
2Гипотониялық (гипоосмостық) немесе тұз тапшылықты
3Гипертониялық (гиперосмостық) немесе су тапшылықты
Изотониялық гипогидрия: су мен электролиттер-дің бір шамада (мәселен, қансырау кезінде) артық шығарылуынан дамиды.
Гипотониялық гипогидрия: судан электролиттер-дің басым артық шығарылуынан (мәселен, көп құсу, іш өту, қатты терлеу т.б. кездерінде) байқалады.
Гипертониялық гипогидрия: судың электролиттерден басым артық шығарылуынан (мәселен, қантсыз диабет, гипервентиляция, гиперсаливация кездерінде) дамиды.
Гипергидрия
Денеде судың артық тұтылып қалуы.
Дене қуыстарында су жиналуын шемен-дік дейді (мәселен, судың іш қуысында жиналуын іш шемені немесе асцит, өкпеқапта жиналуын гидроторакс, жүрекқапта– гидроперикардиум, ен қуы-сында – гидроцеле т.б.)
Судың тінаралық кеңістіктерде жина-луын ісіну дейді.
СУ МЕН ЭЛЕКТРОЛИТТЕРДІҢ АРТЫҚ КӨЛЕМІ – су-тұз алмасуның жиі кездесетін формасы және де ісіну мен шемен түрінде байқалады. Оң су-электролит балансының басты себептері: бүйректің шығаратын қызметінің бұзылуы (гломерулонефриттер және т.б.), екіншілік гиперальдостеронизм (жүрек жеткіліксіздігі, нефротикалық синдром, бауыр циррозы, ашығу, кейде операциядан кейінгі жағдайлар кездерінде), гипопротеинемия (нефротикалық синдром, бауыр
циррозы, ашығу кездерінде), гисто-гематикалық барьердің үлкен көлемінің өткізгіштігінің жоғарлауы (күйік, шок кездерінде). Гипопротеинемия мен µткізгіштіктің жоғарлауы сұйықтықтың үлкен көлемінің тамыр ішінен интерстицаилдық секторға өтуіне ықпал етеді жєне гиповолемияның дамуына алып келеді.
Ісіну (І) – бұл жасуша сыртылық сұйықтықтың артық жиналуы. Олардың дене қуыстарында жинақталуы шемен (водянка) деп аталады. Таралған, жалпы ісінулер жєне шемен организмнің оң су балансының кµріністері болып табылады, яғни судың артық мөлшерінің интерстициалдық кеңістікте жиналуы. Жергілікті, орныққан ісіну жєне шемен ұлпалар мен мүшелердің шектелген бөлімінде сұйықтық балансының бұзылуы нәтижесі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет